«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты жылына кемiнде бiр рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi.Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы мiндеттi ақпарат беру науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат тегiн берiледi, ал алу тәсiлiн салымшы (алушы) өзi таңдайды. ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрменi мынадай тәсiлдермен алуға болады:

- дәстүрлi пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;

- электрондық пошта арқылы — үзiндi-көшiрме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;

- Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — шектеусiз түрде;

- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) — онлайн тәртiбiнде — шектеусiз.

- ҚР электрондық үкiметi (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi арқылы үзiндi-көшiрме алуға болады.

2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсiлдерi танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңселерiне келiп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулi түрде азайған.Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсiлi ретiнде «Жеке өзi келiп өтiнiш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсiлiн таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсiлiн таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзiндi-көшiрменi электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жеттi. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзiндi-көшiрменi электрондық жолмен алу тәсiлiн таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.

Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсiлi Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелiсте тұрғысы келмейтiндер саны бiр жыл iшiнде сәйкесiнше 65 және 70пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екi қаланың экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.

Ел өңiрлерiнде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие.Бiрiншi орында Алматы қаласы, екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы, ал үшiншi орында Қарағанды облысы келедi. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың iшiнде сәйкесiнше 30, 35 және 33 пайызға өсiп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395 мың және 324 мың адамға жеттi. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсендi тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.

Үзiндi-көшiрмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiмде көрсетiлген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады.Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейiн БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жiберiлген үзiндi-көшiрме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесi жылы үзiндi-көшiрменi оған жiбермеуге құқылы.

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бiр хабарлау тәсiлi таңдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты жiбермейдi.

2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты алу мүмкiндiктерi жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсiндiру науқаны жүргiзiлген болатын. Бiрақ, соған қарамастан қазiргi уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзiндi-көшiрме алмайды. Оған себеп — олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсiлiн белгiлемеген.

Қазiргi уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Қорға өтiнiш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу тәсiлi ретiнде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тiкелей хабарлау шараларын жүргiзiп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыружәне ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жiберiлу үстiнде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерiн өзектендiру қажеттiгi туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын одан әрi жалғастыруда.

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселерiне келiп өтiнiш жасау немесе өзектi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен өзiнiң жеке деректемелерiн өзектендiруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсiлiн таңдауға кеңес бередi. Өйткенi ескi деректемелер Қордың өз мiндеттемелерiн орындауына керi әсер етедi.

Ең танымал және заманауи хабарлау тәсiлi — интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрменi онлайн тәртiбiнде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзiндi-көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдай алады.

Мақаланы құрған күні 25.01.2018 12:41
Мақаланы жаңартқан күні 25.01.2018 12:41
Қаралым саны: 1023