Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан — «Бiр терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi бiрыңғай өтiнiмдi ұсыну бойынша жаңа композиттiк қызметтi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-шi қаулысы (бұдан әрi — Қаулы) негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-шi қаулысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлдi.

Ендi, зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, «Бiр терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға (үнсiз келiсiм бойынша) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгiзiлген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтiнiшi Мемлекеттiк корпорацияға тiркелген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде немесе Қордан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақы төлемдерi Мемлекеттiк корпорация бекiткен кесте бойынша ай сайын алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады.

Бұл өзгерiстер зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерiн алушылардың мүдделерi үшiн енгiзiлiп отыр.

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтерi мен мiндеттерi, оның iшiнде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектiк, жерлеу және мұрагерлiкке байланысты төлемдер мен ерiктi зейнетақы жарналары бойынша төлемдердi жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебiнен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, есептеу мәселелерi және стратегиялық мiндеттер сол өзгерiссiз күйiнде қалады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 12.10.2018 12:19
Мақаланы жаңартқан күні 12.10.2018 12:19
Қаралым саны: 126