2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) берiлетiн зейнетақы төлемдерiне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерiн алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестiрiлген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерi және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерi және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегiз жасқа толғанға дейiн әрбiр осындай мүгедек бала үшiн — оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бiрi;

«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына әрбiр осындай адам үшiн — оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бiрi;

асырап алынған бала он сегiз жасқа толғанға дейiн әрбiр осындай адам үшiн — бала асырап алушылардың бiрi болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (бұдан әрi — Салық кодексi) Кодексiнiң ережелерiне сәйкес Қордан берiлетiн зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыстарына, оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдерге Салық кодексiнде белгiленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексiнiң 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бiрi) табыстарына, Қордан берiлетiн зейнетақы төлемдерiне және жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдерге салық шегерiмдерi мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесiнше Қор төлемдерiне 10 пайыз мөлшерiнде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерiн алушылардың мүдделерiн қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңiлдiктердi қайтару үшiн Салық кодексiне түзету енгiзу туралы бастама көтердi. Бұл бастамаға мемлекеттiк органдар (Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi, Ұлттық экономика министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi) және депутаттық корпус қолдау көрсеттi және ол «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуiрдегi № 241-VI Заңы аясында бекiтiлдi. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуiне құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшiн БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

•табысты түзету немесе салық шегерiмiн (оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер) қолдану туралы өтiнiш;

•табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануды растайтын құжаттардың көшiрмелерi.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөнiндегi өтiнiштiң үлгiсiн www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуiне қатысты құқық зейнетақы төлемдерi, оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелiк, бұл құқық табыстардың басқа түрлерi бойынша салық заңнамасында көрсетiлген шекте табысты түзету немесе салық шегерiмiн пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 06.05.2019 10:08
Мақаланы жаңартқан күні 06.05.2019 10:08
Қаралым саны: 182

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН