A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және 22-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10370 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 наурызда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң және естуi бойынша мүгедектер үшiн жылына алпыс сағат ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Әлеуметтiк қызметтер департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiр данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына, мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауға жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы бұйрыққа 1-қосымшаның 3-тарауын, осы бұйрыққа 3-қосымшаны және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы бұйрыққа 3-қосымшаның 81-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрiнiң
мiндетiн атқарушы Б. Нұрымбетов

 

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
______________ Е. Бiртанов
2017 жылғы «____» ________

 

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» _________

Жүктеу (DOC 453 Kb)

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.12.2017 12:48
@2018 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru