Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан -Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң барлық 18 өңiрлiк филиалында «Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсiптiк пайдалануға берiлгендiгiн хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтiк даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзiнiң көрсететiн қызметтерiнiң сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетедi.

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темiрден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлiгiнде сенсорлық экраны бар. Корпустың iшiнде жаңа үлгiдегi жүйелiк блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.Одан басқа, үздiксiз қуат көзiнiң (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндiрiлсе де өз қызметiн жалғастыра бередi.

Осылайша, салымшылар мен алушылар өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкiндiгiне ие болды.

Қазiр терминалда мынадай қызметтер қолжетiмдi:

1.Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;

2.Жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу;

3.Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтiнiш беру;

4.Жеке деректемелердi өзгерту;

5.Берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Бұл қызметтердi өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшiн салымшыны (алушыны) анықтап танудың екi әдiсi қолданылады. Олар:

1.ЖСН және құпия сөз (пароль);

2.Жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегi арқылы.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, оларды барынша жетiлдiру жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзiп келедi. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетiлiп жатыр. Таяу уақытта өзiне-өзi қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметi пайда болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тың басты мiндеттерiнiң бiрi — ақпараттық-кеңес беру қызметiн Қор мамандарының тiкелей көмегiнсiз алуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажеттi жағдайларды жасауға ұмтылу.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланы құрған күні 12.04.2018 12:06
Мақаланы жаңартқан күні 12.04.2018 12:06
Қаралым саны: 459
PAGE_COMMENT