Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «__» қаңтар

Зейнетақы жинақтарының жай-күйiн egov порталында sms-хабарламаның
көмегiмен бiлуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшiне енетiндiгiн хабарлайды. Соған сәйкес «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызметi электрондық үкiмет порталында ендi электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiнсiз де қолжетiмдi болады.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйiн мынадай тәсiлдермен бiлуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1)БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей келiп өтiнiш жасау;

2)дәстүрлi пошта байланысы;

3)электрондық тәсiл, оның iшiнде:

–БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

–логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

–электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелiк, соңғы хабарлау тәсiлiн қолдану үшiн тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Ендi 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бiр реттiк sms-парольдi қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме ала алады. Бұл үшiн салымшы (алушы) электрондық үкiмет порталының жеке кабинетiнде тiркелiп, үзiндi көшiрме алуға сауал жолдайды. Содан кейiн mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бiр реттiк sms-пароль жiберiледi.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi электрондық тәсiлмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимiнде алуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 04.02.2019 09:47
Мақаланы жаңартқан күні 04.02.2019 09:47
Қаралым саны: 210

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН