Көше атауларын өзгерту туралы

2018 жылғы 10 қаңтарда Сандықтау, Белгородский, Веселый, Лесной, Широковский ауылдық округтарының көше атауларын өзгерту бойынша жергiлiктi қауымдастық жиналысы өткiзiлдi. Жиналған халықтың ашық дауыс беру арқылы қолдауымен: Сандықтау ауылында — Луговая көшесiн Мәлiк Ғабдуллин көшесiне, Набережная көшесiн Мұхтар Әуезов көшесiне, Заречная көшесiн Жабай көшесiне, Подгорная көшесiн Алаш көшесiне, Целинная көшесiн Абылайхан көшесiне, Комсомольская көшесiн Әл-Фараби көшесiне; Новоромановка ауылында — Ленин көшесiн Шоқан Уәлиханов көшесiне, Мир көшесiн Абай Кұнанбаев көшесiне; Лесной ауылында — Шоссейная көшесiн Ақжол көшесiне; Преображенка ауылында — Набережная көшесiн Бiржан Сал көшесiне; Раздольное ауылында — Лесная көшесiн Қазыбек би көшесiне, Речной көшесiн Мағжан Жұмабаев көшесiне; Белгородский ауылында — Транспортная көшесiн Шоқан Уәлиханов көшесiне, Комсомольская көшесiн Бөгенбай би көшесiне, Клубная көшесiн Рақымжан Қошкарбаев көшесiне, Пришкольная көшесiн Әлия Молдағұлова көшесiне, Пионерская көшесiн Қанай би көшесiне, Набережная көшесiн Шамай батыр көшесiне; Веселый ауылында — Заозерная көшесiн Ақжелкен көшесiне, Центральная көшесiн Балуан Шолақ көшесiне; Богородка ауылында — Северная көшесiн Сәкен Сейфуллин көшесiне, Эрнст Тельман көшесiн Абай Құнанбаев көшесiне, Набережная көшесiн Мұхтар Әуезов көшесiне, Кооперативная көшесiн Абылайхан көшесiне, Садовая көшесiн Ахмет Байтұрсынов көшесiне, Сельская көшесiн Төле би көшесiне, Стадионная көшесiн Мәншүк Мәметова көшесiне ауыстыру туралы шешiм қабылданды.

2018 жылғы 11 қаңтарда Максимовка ауылдық округiнiң көше атауларын өзгерту бойынша жергiлiктi қауымдастық жиналысы өткiзiлдi. Жиналған халықтың ашық дауыс беру арқылы қолдауымен: Максимовка ауылында — Владимир Ленин көшесiн Мұстафа Шоқай көшесiне, Мир көшесiн Жұмабек Ташенов көшесiне, Набережная көшесiн Оқжетпес көшесiне, Валентина Терешкова көшесiн Нұрлы жол көшесiне; Новый городок ауылында — Речная көшесiн Жабай көшесiне; Спасское ауылында — Молодежная көшесiн Алаш көшесiне, Подгорная көшесiн Жекебатыр көшесiне ауыстыру туралы шешiм қабылданды.

Мақаланы құрған күні 24.01.2018 10:39
Мақаланы жаңартқан күні 06.04.2018 16:47
Қаралым саны: 659
PAGE_COMMENT