Көше атауларын өзгерту туралы

2018 жылғы 8 қаңтарда Сандықтау ауданының Каменка, Новоникольский, Васильевский ауылдық округтарының көше атауларын өзгерту бойынша жергiлiктi қауымдастық жиналысы өткiзiлдi. Жиналған халықтың ашық дауыс беру арқылы қолдауымен: Каменка ауылында — Набережная көшесiн Мұхаметжан Тынышбаев көшесiне, Московская көшесiн Ахмет Байтұрсынов көшесiне, Киров көшесiн Ильяс Жансүгiров көшесiне, Заготзерно көшесiн Қанай би көшесiне, Лесная көшесiн Мағжан Жұмабаев көшесiне; Васильевка ауылында — Октябрьская көшесiн Мағжан Жұмабаев көшесiне, Школьная көшесiн Саққұлақ би көшесiне; Тучное ауылында — Набережная көшесiн Ақжол көшесiне; Ұлан ауылында — 1 май көшесiн Ахмет Байтұрсынов көшесiне, Гвардейская көшесiн Әйтеке би көшесiне, Молодежная көшесiн Жастар көшесiне, Степная көшесiн Қанай би көшесiне, Целинная көшесiн Мұстафа Шоқай көшесiне, Школьная көшесiн Төле би көшесiне; Құмдыкөл ауылында — Набережная көшесiн Ахмет Байтұрсынов көшесiне; Меньшиковка ауылында — Интернациональная көшесiн Бiрлiк көшесiне; Мысок ауылында — Набережная көшесiн Қазыбек би көшесiне, Садовая көшесiн Болашақ көшесiне; Новоникольское ауылында — Целинная көшесiн Атамекен көшесiне, Заречная көшесiн Аққайың көшесiне, Школьная көшесiн Мектеп көшесiне ауыстыру жөнiнде шешiм қабылданды.

2018 жылғы 9 қаңтарда Мәдениет ауылының көше атауларын өзгерту бойынша жергiлiктi қауымдастық жиналысы өткiзiлдi. Жиналған халықтың ашық дауыс беру арқылы қолдауымен: Набережная көшесiн Шұғайып Нұртазин көшесiне ауыстыру жөнiнде шешiм қабылданды.

Мақаланы құрған күні 24.01.2018 10:37
Мақаланы жаңартқан күні 06.04.2018 16:48
Қаралым саны: 667
PAGE_COMMENT