+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Жаңа жәрдемақылар

Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап белгiлi бiр санаттағы адамдарүшiн арнайы мемлекеттiк жәрдем ақылардың жаңа мөлшерi белгiлендi. Сонымен қатар, жақында арнайы мемлекеттiк төлемдердiң жаңа түрлерi пайда болды.

Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдарына сәйкес 2020 жылғы 18 мамырдан бастап келесi арнайы мемлекеттiк жәрдемақылардың жаңа мөлшерi белгiлендi:

-1988-1989 жылдардағы Чернобыль апатының салдарынан болған адамдардан, Қазақстан Республикасынан шығару және қоныстандыру аймақтарынан эвакуацияланған (өздiгiнен кететiн) адамдар, оның iшiнде эвакуация күнi жатырдағы күйiнде болған балалар — 13 335 теңге (4,8 АЕК) ;

-Ұлы Отан соғысына қатысқандар арасынан Социалистiк Еңбек Ерлерi — 385 115 теңге (138,63 АЕК);

-Үш дәрежелi Еңбек Даңқы орденiнiң кавалерi, Социалистiк Еңбек Ерлерi — 385 115 теңге (138,63 АЕК).

Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 мамырынан бастап арнайы мемлекеттiк жәрдемақылардың жаңа түрлерi енгiзiлдi:

- тәжiк-ауған аумағында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шекара қорғанысын күшейту жөнiндегi келiсiмдерге және мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес тапсырмаларды орындайтын Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне — 13 335 теңге (4,8 АЕК);

- Иракта халықаралық бiтiмгершiлiк операциясына бiтiмгерлер ретiнде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне — 13355 теңге (4,8 АЕК);

- Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшылық және қарапаым құрамының тұлғаларына — 13 335 теңге (4,8 АЕК).

Осыған байланысты төлемдердiң жоғарыда көрсетiлген жаңа түрлерiне құқығы бар адамдар жәрдемақы алу үшiн халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiне немесе электрондық үкiметтiң веб-порталы арқылы жүгiне алады.Өтiнiш беру кезiнде сiзде болуы керек: жеке басын куәландыратын құжат, жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар (әскери комиссариаттың басқа елдердегi соғыс қимылдарына қатысқаны туралы анықтама).

Сұрақтар туындаған жағдайда сiз 1411 «Азаматтарға арналған үкiмет» телефоны бойынша әлеуметтiк-еңбек саласының байланыс орталығына хабарласуыңызға болады (қоңырау шалу тегiн). Байланыс орталығының жұмыс кестесi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн — күн сайын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Ақмола облысы бойынша филиалының
Баспасөз қызметi

Мақаланы құрған күні 01.07.2020 16:07
Мақаланы жаңартқан күні 01.07.2020 16:07
Қаралым саны: 350