БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

Алматы, Қазақстан –Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазiргi уақытта пайдаланушылар үшiн оның құрылымын, беттерiн аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легi жақсы қабылдануы үшiн Қор артық бөлiмдердi жойып, басты беттiң құрылымын өзгерттi. Ендi www.enpf.kzсайтына кiрiп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәлiметтермен танысып, Қордың жiберiлiмiне жазылуға болады.

Сайттың құрылымына өзгерiстер енгiзудегi басты мақсат — сайтты түсiнiктi және барынша қолжетiмдi ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару. Сайт Қор мамандарының күшiмен жасалды. Бұған қандай да бiр қаражат жұмсалған жоқ.

Порталды жетiлдiру жұмыстары одан әрi жалғасуда: қазiр БЖЗҚ қызметкерлерi салымшылар мен алушылардың қажеттiлiктерiне негiзделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшiрме нұсқалар») қызметi iске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлiмшелерiнде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшiрме нұсқалары» берiлдi.

Ендi Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кiре алатын, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзектi кiлтiне ие қазақстандықтар бұл қызметтердi қашықтықтан пайдалана алады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейiн Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкiндiгi жүзеге асырылады.

Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жыл барысында Қор сайтында бiрқатар жаңа электрондық сервистер iске қосылды. Солардың көмегiмен Қордың негiзгi қызметтерiн қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кiрiп, «Жеке кабинет» бөлiмi арқылы мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру. Сол өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау, жеке деректемелерге өзгерiстер енгiзу және зейнетақы шотының жай-күйi туралы үзiндi-көшiрменi электрондық поштаға жiберу мүмкiндiгi.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтердi дамытумен ғана шектелiп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсендi ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат — абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафиктi есепке алмай пайдалануға мүмкiндiк беру.

Қазiрдiң өзiнде Tele2 және Altel бiрлескен компаниясының абоненттерi өздерiнiң шоттарында теңгерiмнiң бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келiсiмдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтердi деректердi талдау және дербестендiру негiзiнде көрсетедi. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистердi пайдаланушылардың қажеттiлiктерi ескерiледi.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкiндiк бередi.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту — БЖЗҚ қызметiнiң басты бағыттарының бiрi.

Айта кетелiк, қазiргi кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетiлетiн қызметтердiң үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейiн оны 55 пайызға жеткiзу жоспарланған.

БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланы құрған күні 05.03.2018 18:11
Мақаланы жаңартқан күні 05.03.2018 18:11
Қаралым саны: 924