Нормашығармашылық қызмет

2018 жылға арналған
Сандықтау ауданының елдi
мекендерiнде салық салу
объектiлерiнiң орналасқан
жерiн ескеретiн аймаққа бөлу
коэффицентiн бекiту туралы

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданының елдi мекендерiнде салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерiн ескеретiн аймаққа бөлу коэффицентi бекiтiлсiн.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкiмiнiң орынбасары Қ.Омаровқа жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

Сандықтау ауданы әкiмi                                                                                                                                                          А. Исмағамбетов

Сандықтау ауданы
әкiмдiгiнiң
2018 жылғы ___________
№__________ қаулысына
қосымша

 

2018 жылға арналған Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы салық салу
объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфиценттері

Ауыл, елді мекендердің аудандары Аймаққа бөлу коэффициенті
Балкашино ауылы
1 Аймақ Балкашино ауылының орталығында орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектелген. Солтүстік жағы Абай көшесіне шығатын Роза Люксембург көшесімен шектеледі және Луговой тұйық көшесімен аяқталады. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Ағайынды Айсиндар көшесіне шығатын Школьный тұйық көшесінен басталып Ағайынды Айсиндер және Чернова көшесіне және Атбасар-Көкшетау автожолында орналасқан «Бойняжев Г.И.» фермасына дейін шығады. 1,6
2 Аймақ Балкашино ауылының орталық бөлігінің жанында орналасқан. Солтүстік жағы Школьный тұйық көшесімен шектеліп Ағайынды Айсиндер көшесіне шығумен Чернов көшесіне дейін. Шығыс жағы Жабай өзенінің жағалауымен шектеледі. Оңтүстік жағы Толстой тұйық көшесінен Западная көшесіне дейін. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолымен шектеледі. 1,5
3 Аймақ ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы Толстой тұйық көшесімен шектеледі. Шығыс жағы Абылай хан көшесіне шығатын тұрғын үй массиві аяқталғанға дейінгі Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Шекараның оңтүстік жағы Автобазанының бойымен орталық аудандық ауруханаға дейін өтеді және Атбасар-Көкшетау автожолына барып тіреледі. 1,3
4 Аймақ ауылдың шетіндегі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағы өзіне автобазаны қосады. Шығыс жағы «Жібек жолы» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) жанынан өтеді және Абылай хан көшесі бойынша орналасқан АЭС (аудандық электростанция) оңтүстік жағында аяқталады. Батыс жағы АЭС (аудандық электростанция) қосады және орман алқабының жанынан өтеді. 1,2
5 Аймақ ауылдың шығыс бөлігінде Жабай өзенінің ар жағында орналасқан. Тұрғын үй массивін, стадионды, майзауытын, қонақ үйді және жеке кәсіпкер «Чернышев» аумағын қосады. 1,1
6 Аймақ ауылдың батыс бөлігінде орналасқан. Батыс жағы Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі және автодромды, метеостанцияны қосады. Шығыс бөлігі тұрғын үйлерді қоса жеке кәсіпкер «Вахаев», «Балкашинский» асыл тұқым зауыты жанынан тұрғын жайларды қоса өтеді, одан әрі Атбасар-Көкшетау автожолына тіреледі. Оңтүстік жағы шаңғы базасын, шұжық жасау цехын және «Бойняжев Г.И.» фермасын қоса алады. 1,2
7 Аймақ ауылдың солтүстігінде орналасқан. Солтүстік жағы тұрғын жайлар салынған және жеке кәсіпкер «Әбжанов» аумағына дейінгі Абай көшесімен шектеледі. Шығыс жағы тұрғын үй массивінің жанынан өтеді және Жабай өзенінің жағалауына тіреледі. Оңтүстік жағы Луговой тұйық көшесінің жанынан өтеді және Жамбыл, Абай көшелерін, Абылай хан көшесіне дейін қиып өтеді. Батыс жағы Абылай хан көшесінің жанынан өтеді. 1,4
8 Аймақ ауылдың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ет комбинатын, нанзауытын, электроподстанцияны, сорғышты қосады. 1,1
Елді мекендер
1 Сандықтау 2,0
2 Шантөбе кенті, Максимовка, Лесной 1,9
3 Новоникольское 1,8
4 Приозерный, Каменка 1,5
5 Хуторок, Красная Поляна 1,4
6 Петровка, Васильевка, Веселое, Мысок, Құмдыкөл, Владимировка, Михайловка 1,3
7 Белгородское, Богородка, Жыланды, Богословка, Гранковка, Речной, Мәдениет, Смольный 1,2
8 Дорогинка, Спасское, Новый городок, Бастрымовка 1,1
9 Новокронштадка, Ұлан, Новоромановка 1,0
10 Қызыл Қазақстан, Новоселовка, Тучной, Арбузинка, Раздольное, Преображенка 0,9
11 Меньшиковка, Петриковка, Барақпай 0,8
12 Чашке 0,7
Мақаланы құрған күні 17.02.2017 11:38
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2019 11:27
Қаралым саны: 2462

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН