2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан — 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,62 млн бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бiрлiктi, ал ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша — 39 мың бiрлiктi құрады.

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсiмдердiң жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсiм 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесiнде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердiң зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгенi, ал әйелдерде — шамамен 2 млн теңгенi құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгенi құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейiн жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 48,9 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгенi құрады.

Бүгiнде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты (оның iшiнде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесiнде, сондай-ақ дәстүрлi пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер iске қосылды. Қазiр сол электрондық сервистердi пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселерiне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлiк маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде электрондық өтiнiш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екiншi жартысында, яғни электрондық сервистер iске қосылғаннан берi шамамен 250 адам осы қызметтi пайдаланған. Яғни, бiр айдың iшiнде өсiм 60 пайызды құрады. Ал өздерiнiң деректемелерiне өзгерiстер енгiзген салымшылардың саны бiр ай iшiнде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екiншi жартысында 1 180 адам осы сервистi пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер iске қосылғалы берi оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелiк, БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметiн көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшiн ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда салымшылардың керi байланыс арналары арқылы жасаған өтiнiштерiнiң саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына ерекше көңiл бөледi: «Мобильдiк агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелi қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiшке қарағанда 125 бiрлiкке артық. Яғни, өсiм 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелi тыныстырылымдық шара өткiзiлдi. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазiргi уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бiрақ бiрде-бiр жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат — бұл салымшылардың деректерiнiң мәртебесiн айқындау.

БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланы құрған күні 05.03.2018 18:10
Мақаланы жаңартқан күні 05.03.2018 18:10
Қаралым саны: 752
PAGE_COMMENT