Кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңес беру

Бизнестi дамытуға грантты қалай алуға болады?

"Бизнестiң жол картасы 2020" бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде бизнес-инкубациялау шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттар беру ережесiне сәйкес жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға өтеусiз негiзде берiледi.

Әрбiр кәсiпкер бiр бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру мақсатында конкурстық iрiктеудiң қатысушысы бола алады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн бизнес-жобаның мiндеттi шарттары кәсiпкердiң ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10% мөлшерiнде, оның iшiнде жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiкпен оны iске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражаты), сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар алуға үмiткер шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне жүгiнедi және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы мемлекеттiк гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк гранттар беру жөнiндегi конкурстық iрiктеуге қатысуға өтiнiм, ол Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiнiң веб-порталында орналастырылатын болады.;

2) заңды тұлғаны (дара кәсiпкердi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi);

3) өтiнiш берген күнге дейiн 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiлген бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң жоқтығы туралы анықтама;

4) басшының қолымен және өтiнiш берушiнiң мөрiмен расталған, өтiнiм беру сәтiндегi жалдамалы қызметкерлердiң орташа саны туралы анықтама (бар болса););

5) бизнес-жоба;

6) кәсiпкердiң жұмыспен нәтижелi қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және/немесе Бағдарламасы шеңберiнде оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;;

7) кәсiпкердiң ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктiк шоттан үзiндi немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсiпкер атынан өтiнiм беру құқығына сенiмхат, сенiм бiлдiрiлген өкiл паспортының көшiрмесi (заңды тұлға атынан — заңды тұлға растаған).

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiмдi дайындау және құжаттарды жинау мәселелерi бойынша консультациялық қолдау алу үшiн Бағдарламаның жергiлiктi үйлестiрушiсiне жүгiне алады.

Мақаланы құрған күні 11.07.2019 14:44
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2019 14:44
Қаралым саны: 360

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН