«Парыз» байқауы

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 « «Парыз» бизнестiн әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша байқау туралы» Жарлығын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда, Негiзгi ерекшелiгi елiмiзде бизнестiн әлеуметтiк жауапкершiлiгiн, мемлекеттiн дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын күшейтуге бизнес –құрылымдардың үлесiн көпшiлiкке тарату болып табылады.

Бизнес-құрылымдардың конкурсына қатысу үдерiсi кәсiпорынның әлеуметтiк-бағдарлы әрекетiнiң үлгiсiн қалыптастыруға, өнiрлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтiк салада көрсетiлетiн қызметтердi кеңейтуге белсендi түрде ықпал етедi. Қарамағындағы қызметкерлердiң әлеуметтiк ахуалын жақсарту және өз өнiрiнiң немесе кәсiпорынның әлеуметтiк-маңызды проблемаларын шешуге қатысу барлық табысты кәсiпкерлердiң моральдық қажеттiлiгiне айналуда.

Ағымдағы жылы «Парыз» байқауы келесi санатта өткiзiлетiн болады: шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiсi, iрi кәсiпкерлiк субьектiсi, сонымен бiрге төрт номинациядан: «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын», «Еңбектi қорғау саласандығы үздiк кәсiпорын», «Үздiк ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесi үшiн».

Ауданда жұмыспен қамту, еңбекақыны көтеру, жұмыс орындарын сақтау және құру, бiлiктiлiгiн жоғарлату және жұмысшылардың еңбек қауiпсiздiгi, «Парыз» байқауына қатысуға лайықтыларға демеушiлiк және қайырымдылық қаражатын бөлу мәселелерiне үлкен көңiл бөлiп жүрген жұмыс берушiлер аз емес.

Құрметтi меншiктiн барлық түрiндегi ұйымдар және кәсiпорындар басшылары Сiздердi «Парыз» байқауына қатысуға шақырамыз.

«Парыз» байқауына қатысу үшiн тапсырысты 2018 жылдың 1 шiлдесiне дейiн «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ тапсыруды сұраймыз.

Анықтамалар бойынша Балкашино ауылы, Абылай хан көшесi 119 «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ хабарласуға болады (тел. 91743, 92131).

Мақаланы құрған күні 28.05.2018 15:35
Мақаланы жаңартқан күні 28.05.2018 15:35
Қаралым саны: 390
PAGE_COMMENT