+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«Еңбек жолы» байқауы

Жастарды еңбекке құрметпен қарауға, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында Республикалық «Еңбек жолы» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қоғамда Еңбек адамы мәртебесiн және «Жалпы еңбек қоғамы» аясында еңбек өнiмдiлiгiне ынталандыруын арттыруға мүмкiндiк туғызады.

Байқауға қатысу үшiн кәсiпорындарының барлық қызметкерлерi шақырылады (саласына байланысты емес).Байқау үш номинация бойынша өткiзiледi:

1)«Ең үздiк еңбек әулетi»;

2)«Өндiрiстегi ең үздiк жас қызметкер»;

3)«Жұмыс iстейтiн жастардың ең үздiк тәлiмгерi».

Байқаудың әр номинациясы бойынша жеңiмпаздарды ақшалай сыйақымен марапаттау үшiн ақшалай сертификаттар берiледi:

1 орын — 1 000 000 (миллион) теңге;

-2 орын — 500 000 (бес жүз мың) теңге;

-3 орын — 200 000 (екi жүз мың) теңге;

«Еңбек жолы» байқауына қатысу үшiн үмiткерлердiң өтiнiмдерi 2020 жылдың 20 сәуiрiне дейiн қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ, Балқашин а., Абылай хан к., 119 (тел. 91303, 91727) жүгiнуге болады.

Мақаланы құрған күні 18.03.2020 16:41
Мақаланы жаңартқан күні 18.03.2020 16:41
Қаралым саны: 36