Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.

Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.

Мақаланы құрған күні 15.02.2018 12:16
Мақаланы жаңартқан күні 15.02.2018 12:16
Қаралым саны: 551
PAGE_COMMENT