Сандықтау ауданы бойынша 2018 жылы «Ақмола облысында іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» облыстық көрмесін өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2018 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстанда iске асырылып жатқан үздiк әлеуметтiк жобалар» өңiрлiк конкурсын өткiзудi ұйымдастыру бойынша iс-шаралар Жоспарына сәйкес Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен «2018 жылы Ақмола облысында iске асырылып жатқан үздiк әлеуметтiк жобалар» облыстық көрмесiн (бұдан әрi — көрме) өткiзу жоспарлануда.

Көрме қоғамдық бiрлестiктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтiк осал топтарының, оның iшiнде өмiрлiк қиын жағдайға тап болған мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру мақсатында әзiрлендi.

Конкурс 2 бөлiмде өткiзiледi:

1 бөлiм (iрiктеу) облыстық;

2 бөлiм (финалдық) республикалық.

Әлеуметтiк жобалардың авторлары қызметi халықтың әлеуметтiк осал топтарының, оның iшiнде өмiрлiк қиын жағдайға тап болған мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеруге бағытталған қоғамдық бiрлестiктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкiметтiк емес ұйымдар бола алады.

Үздiк әлеуметтiк жобаларды iрiктеу үшiн мыңадай өлшемшарттар талап етiледi:

1) жобаны жүзеге асыру мерзiмi 1 жылдан кем болмауы тиiс;

2) жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәйкес келуi: «Халықтың әлеуметтiк осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтiк, бiлiм беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

3) жобаның өзектiлiгi мен әлеуметтiк маңыздылығы;

4) жобаның қолжеткiзген нәтижелерi;

5) осыған ұқсас жобаларды iске асыру тәжiрибесiнiң болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерiнiң болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтiк тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмiрлiк қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесi;

9) жобаны iске асыруға ерiктiлердi тарту.

Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресiмдеудiң сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түрiндегi презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

Iрiктеу турына қатысуға өтiнiм қосымшадағы нысан бойынша

(№ 1 қосымша) ұсынылуы қажет.

Ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде туындаған барлық сұрақтар бойынша Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының көрсетiлген телефонына 8 (7162) 76-36-38, сондай-ақ аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне хабарласуларыңыз қажет. 

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім

1. Әлеуметтік жобаның авторы  
2. Әлеуметтік жобаның атауы  
3. Жобалардың өңірлерде
іске асырылған кезеңі
(1 жылдан кем емес)
 
4. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы  
5. Қысқаша аннотациясы  
6. Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны  
7. Қаржыландыру көздері(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат және т.б.)  
8. Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны)  
9. Презентациялық материал (жобаның логотипі, DVD форматтағы роликтер)  
10. Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)  
Мақаланы құрған күні 14.02.2018 09:49
Мақаланы жаңартқан күні 14.02.2018 10:47
Қаралым саны: 832
PAGE_COMMENT