БЖЗҚ БЖТ бойынша түсімдер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «_____» наурыз

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келiп түстi.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды.Бiрыңғай жиынтық төлем өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкiндiгiне ие азаматтар барлық төлемдердi оңайлатылған тәртiпте төлеп, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады..

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 11.03.2019 10:43
Мақаланы жаңартқан күні 11.03.2019 10:43
Қаралым саны: 807

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН