+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «___» ақпан Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына жүргiзген қоғамдық мониторинг нәтижесiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi үздiк бестiктiң қатарына ендi.

Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткiзiлдi. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңiрлерiнде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргiзiлдi. Бұл ретте көрсетiлетiн 60 мемлекеттiк қызметнегiзге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргiзiлiп, қызмет көрсетушi мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды.Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдiсi бойынша бақылау жүргiзiлiп, бiрқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргiзудегi мақсат — қызмет алушылардың көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына қанағаттанушылық деңгейiн бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетiмдiлiгi, қызмет көрсету мерзiмiнiң сақталуы, қызмет көрсету деңгейi (сыпайылық, бiлiктiлiк, қызметкерлердiң шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсiмделуi, шарттардың ыңғайлылығы ескерiлдi.

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру қызметiне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетiмдiлiгi, жеделдiгi мен құзыреттiлiгi бойынша жоғары нәтижелер көрсеттi: сауалнамаға жауап берушiлердiң 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетiмдiлiгiне риза. Бұл ретте жауап берушiлердiң 82,9 пайызының пiкiрiнше ақпараттар ашық және шынайы.Жауап берушiлердiң 88,3 пайызыныңқызметтердiң көрсетiлу мерзiмiне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзiрлеу мерзiмiне көңiлдерi толады.

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушiнiң мамандарының бiлiктiлiгiн жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшiн қызметкерлердiң сыпайылығы, әдептiлiгi қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерiнiң шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушiлердiң 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4 пайызы қызмет көрсетушiге сенедi.

Көрсетiлетiн қызметтердi барынша әдiл бағалау үшiн «Құпия сатып алушы» әдiсi де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiнде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиiс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан iздеу, 2) ақпаратты стендтен iздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kzсайтын жоғары бағалады.Ол сайттың интерфейсiн,онда байланыс орталығының телефон нөмiрiбар екендiгiн, бiр бөлiмнен екiншi бөлiмге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тiлдерiнде қолжетiмдi екендiгiн атап өттi. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берiлдi. Өйткенi,Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетушi қызметкерлердiң жұмысына Құпия сатып алушының көңiлi толды.

«Операция бөлiмiнiң қызметкерi менiң барлық сұрақтарыма жауап бердi және тiптi зейнетақы жарналарының түсуiне қатысты ақпаратты поштама жiберудi ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендiгiн айтып, тiркелуге көмектестi. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуiн үнемi қадағалап отыруға мүмкiндiк бар».

Бұл зерттеудiң негiзгi нәтижелерi тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңiлдерi толатындығын көрсеттi. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрi жетiлдiруге ынталандыра түседi.

Мониторинг нәтижесi бойынша толық есептi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сайтынан мына сiлтеме бойынша: https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 19.02.2019 17:33
Мақаланы жаңартқан күні 19.02.2019 17:33
Қаралым саны: 1120