АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «» ақпан «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге, олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама бередi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара iс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлiк қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесiнiң өзара iс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Ендi аталған Шарт аясында нотариустар өздерiнiң өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша (мұрагерлер өтiнiш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға«Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi арқылы онлайн тәртiбiнде (БЖЗҚ-ға хат жүзiнде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегiнде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесiне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгiнген мұрагерлердiң уақытын үнемдейдi және қағаздық құжатайналымын жояды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 19.02.2019 17:20
Мақаланы жаңартқан күні 19.02.2019 17:20
Қаралым саны: 153

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН