+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы

 

Әйелдердің зейнет жасының кезең-кезеңімен өсуі бойынша сызбасы
Жыл Зейнет жасы Туған ай -жылы
2018ж 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2019 ж 1 қаңтардан 59 жас 1960ж 1 шілдеден -1960ж 31 желтоқсан
2020 ж 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2021 ж 1 қаңтардан 60 жас 1961ж 1 шілдеден -1961ж 31 желтоқсан
2022 ж 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962ж 1 қаңтардан - 1962ж 30маусым
2023 ж 1 қаңтардан 61 жас 1962ж 1 шілдеден-1962ж 31 желтоқсан
2024 ж 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963ж 1 қаңтардан - 1963ж 30маусым
2025 ж 1 қаңтардан 62 жас 1963ж 1 шілдеден -1963ж 31желтоқсан
2026 ж 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964ж 1 қаңтардан - 1964ж 30 маусым
2027 ж 1 қаңтардан 63 жас 1964ж 1 шілдеден-1964ж 31желтоқсан

 

Зейнетақы жасына жақындап, лайықты зейнеткерлік демалысқа шығуға дайындалып жүргендерді қызықтыратын сұрақтар. «Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола облыстық филиалының баспасөз-қызметі, біздің азаматтардан жиі түсетін сұрақтарды жинақтады.

 

Мен неше жасымда зейнеткерлікке шығамын? (Сұрақты 19.10.1963 ж.т. әйел қойған):

1963 жылдың екінші жарты жылдығында туған әйелдер, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету » туралы 21 маусым 2013ж №105-V Заңының 11 бабына сәйкес (ары қарай Заң) 62 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға алады.

3 топтағы мүгедек ретінде жәрдемақы аламын, жақында зейнет жасына толамын. Бірақ 1998 ж 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілімді растай алмаймын және 1 қаңтар 1998жылдан міндетті зейнетақы аударымдарым жоқ. Маған базалық зейнетақы төлемі тағайындала ма?

Заңға сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) еңбек өтілі және зейнет жүйесіне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған жағдайда, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% төленеді. (01.04.2020жылдың еі төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 тг, БЗТ 2020ж еңбек өтілі және зейнет жүйесіне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған санаттағыларға 32668*54%=17641 теңге).

Еңбек кітапшамды толтыру кезінде кадрлар бөлімі менің тегімде қате жіберген. Зейнеткерлікке шыққанда қандай мәселелер болуы мүмкін?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекіту туралы №929 Бұйрығы негізінде еңбек кітапшаны толтыру және сақтау Ережелері, тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болған жағдайда) және туған жылын өзгерту туралы жазбаларды жеке куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктеріне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса еңбек өтілін мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.

Егер құжаттарым жоғалған жағдайда еңбек өтілімді растау туралы мұрағаттық анықтаманы қалай алуыма болады?

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мұрағаттық анықтама, мұрағаттық құжаттардың көшірмесі немесе мұрағаттық үзінділер, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің 17 сәуір №138 Бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының мұрағаты көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1). «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ;

2). «Электрондық үкімет» веб-портал www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

Егер мұрағатта еңбек өтілі туралы мәліметтер сақталмаған жағдайда сот шешімі бойына расталады.

Менің 36 ай бойынша орташа жалақым 193 000 теңгені құрайды, зейнетақы тағайындау барысында неге толық көлемде саналмайды?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақыны есептеуде ұсынылған табыс 46 айлық көрсеткіштен аспауы тиіс, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға бекітілген(01.04.2020 жылдың айлық көрсеткіші 2778 тенге, сондықтан зейнетақыны есептеу барысында ең жоғарғы ұсынылатын табыс 2778*46=127788 тенгені құрайды).

Мен 1992 жылдан, мүгедек баланы күтуіме байланысты, жұмыс істемедім, зейнеткерлікке шыққан кезде осы күтім бойынша отырған уақытым еңбек өтіліне санала ма?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне: бірінші топтағы мүгедек жандарды күту уақыты, жалғыз басты екінші топтағы мүгедек немесе жасы бойынша зейнеткерді (басқаның көмегіне зәру) күту уақыты, сексен жастан асқан қарт адамдарды және 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы күту уақыты зейнетақы есептеуде еңбек өтіліне саналады.

Еңбек өтілін растау үшін осы санатқа жататын азаматтарды күту уақытын сот шешімімен растау қажет.

 

 

Төтенше жағдайлар режімінің енгізілуіне байланысты жасы бойынша зейнетақы тағайындауға құжаттарды қалай тапсыруға болады?

-«Жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметін Е-gov.kz порталында «Электронды өтініш» бөлімінде рәсімдеуге болады. Ары қарай бөлімдерде көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес қадамдар жасау қажет.

 

Төтенше жағдай кезінде зейнеткерлік жасқа толамын, алайда үйде интернет жоқ болғандықтан, Е-gov.kz порталына зейнетақыға өтініш бере алмаймын. Егер төтенше жағдай тоқтағанда, зейнет жасына толғаннан кейін зейнетақыға өтініш берсем, қай кезден бастап зейнетақы төлемі тағайындалады?

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және төтенше жағдай кезеңінде халықтың кейбір санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынмен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 17.04.2020 ж. №139 бұйрығы негізінде:

- егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін негіздер төтенше жағдай енгізілгенге дейін немесе төтенше жағдай кезеңінде бір айдан аспайтын уақытта басталған жағдайда, онда өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде көрсетілген төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш бере алады. Бұл ретте, төтенше жағдай басталғанға дейін бір ай ішінде немесе төтенше жағдай кезінде зейнет жасына толған жағдайда жоғарыда көрсетілген төлемдерді тағайындау күнінен бастап төленетін болады.

Мақаланы құрған күні 07.11.2019 15:10
Мақаланы жаңартқан күні 05.05.2020 19:25
Қаралым саны: 1230