Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өттi

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 12 желтоқсанда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк» тақырыбында Ашық есiк күнi өттi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесiне қатысты мәселелердiң заманауи жай-күйiн салымшыларға түсiндiрiп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшiн өзектiлiгi мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк тақырыбы алынды.

Аталған iс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлi қаржы құралдарына инвестиция түрiнде қалай құйылатындығы жөнiнде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетiн табыстың инфляция деңгейiнен жоғары немесе төмен болуы мүмкiн екенiне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерiн алуға құқық берiлген кезде төленедi. Мемлекет кепiлдiгi бойынша төлемге құқықтың кiмге берiлетiнi, сондай-ақ төлемдi алу үшiн қайда бару керектiгi жайлы Қор қызметкерлерi толық айтып бердi.

Ашық есiк күнi бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк» тұсаукесерi қамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелерiне қатысты толық ақпарат таратылды. Iс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерiн қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкiндiгi берiлдi.

БЖЗҚ Ақмола облыстық филиалының қызметкерлерi елiмiзде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктiң бiрегей жүйесi жұмыс iстейтiнiн атап көрсеттi. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты салынған мiндеттi зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегi инфляция деңгейiн ескерiп сақтауға кепiлдiк бередi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдерiне құқық берiлген сәттегi инфляция деңгейiн ескерiп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақтауға кепiлдiк бередi. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу кезеңiндегi инфляция деңгейiне қатынасы есептеледi. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейiнен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейдi. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитiнiне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенiмдi түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерiн сақтау кепiлдiгi барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етiледi. БЖЗҚ акционерi — Үкiмет, ал сенiмдi басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» — деп түсiндiрдi Ақмола облыстық филиалының директоры Кеншинбаева Аяш Хакимовна.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнiн тұрақты түрде өткiзедi. Дәл осы күнi кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерiнiң топтамасы ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар олар зейнетақы жүйесi және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлiмет ала алады.

Ақмола филиалында iс-шараға шамамен 170 қала тұрғыны келдi. Ашық есiк күнiне алғаш келген салымшылардың бiрiнiң сөзiне сүйенсек, iс-шара өте қызықты болған. «Мен жаңа әрi пайдалы көп ақпарат алдым. Жеке кеңес алып, келешекте де осындай кездесулерге келiп тұратынымды түсiндiм. Ендi өз туыстарыма, таныстарыма, әрiптестерiме, көршiлерiме де келуге кеңес беремiн. Зейнетақы мәселесi баршамызға қатысты. Сондықтан бiз зейнетке шыққанда болатын өзгерiстер, жаңалықтар туралы бiле жүруiмiз керек. Ең бастысы, жинағымыз түгел», — дедi iс-шараға қатысушы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттiк топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 21.12.2017 16:04
Мақаланы жаңартқан күні 21.12.2017 16:04
Қаралым саны: 1116