Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртiншi рет Ашық есiк күнi өтедi. Бұл жолы салымшылар үшiн өзектi әрi маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiң беретiн кепiлдiгi туралы тақырып төңiрегiнде өрбiмек.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды зейнетақы жүйесiне байланысты барлық мәселе бойынша хабардар ете отырып, жұртшылыққа түсiндiру жұмыстарын белсендi жүргiзуде.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғыртудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасында елiмiзде зейнетақы жүйесiн реттеудiң заңнамалық базасы қалыптастып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк енгiзiлгенi көрсетiлген. Тұжырымдамалық ережеге сәйкес жарналар жинақталып, қаржы құралдарына инвестиция түрiнде құйылып, кiрiс инвестициялық қызметтiң нәтижелерi мен қаржы нарықтарының жай-күйiне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Зейнетақы жинақтары есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдары тiзбесiне енгiзiлген қаржы құралдарына зейнетақы активтерiн орналастыруды жүзеге асырады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктiң бiрегей үлгiсi қолданысқа енген. «Бұл үлгiге сәйкес «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы негiзiнде төлемдердi алу құқығы басталған кезде әрбiр алушыға инфляция деңгейi ескерiле отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке есептеледi. Осылайша, 5-бап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктi көздейдi» -деп «БЖЗҚ» АҚ Ақмола филиалында атап өтiледi.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналып, түрлi қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кiмнiң мемлекеттiк кепiлдiк бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ, төлем алу бойынша қайда хабарласу керектiгiн мамандар 12 желтоқсанда өтетiн тұсаукесерде жан-жақты түсiндiрiп беретiн болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейiн бiрден өздерiн қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрi жан-жақты жауап және жеке консультация алуларына мүмкiндiктерi бар.

«БЖЗҚ» АҚ-да бiрiншi Ашық есiк күнi ағымдағы жылдың 31 наурызында өткенiн және «Зейнетақы жүйесi қалай құрылды» тақырыбына арналғанын естерiңiзге саламыз. Екiншi iс-шара 30 маусымда «БЖЗҚ барлығына қол жетiмдi» тақырыбында өтсе, «Төлемдер — жинақтар нәтижесi» атты үшiншi Ашық есiк күнi 29 қыркүйекте өттi. Қор келесi жылы салымшылардың барынша қызығушылығын тудырған түрлi тақырыптар бойынша тоқсан сайын бiр рет осы тектес iс-шараларды өткiзудi жоспарлап отыр.

Мақаланы құрған күні 04.12.2017 14:32
Мақаланы жаңартқан күні 04.12.2017 14:32
Қаралым саны: 383
PAGE_COMMENT