«5 сұрақ» айлық бағаны

1.Мен екi айдан кейiн зейнеткерлiкке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер туралы естiдiм. Осы туралы толығырақ бiлгiм келедi. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен құралған зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн алушы алғаш рет өтiнiш берген күнi, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса, бұл сомаалушыға бiр рет толығымен төленедi. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшерi: 33 745 теңге. Сәйкесiнше оның 12 еселенген мөлшерi: 404 940 теңге.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдердi есептеу үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерi қолданылады. Коэффициенттер кестесi тұрақты шама және ол ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12-ге бөлiнедi. Одан шыққан сома — айлық зейнетақы болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сiздiң ай сайын алатын зейнетақы төлемдерiңiз былайша есептеледi: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiледi (мысалы 63 жаста ол — 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлiнедi. Одан алынған сома Сiздiң тиiстi күнтiзбелiк жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады.

Еске сала кетелiк, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

1.Мен зейнеткерлiкке шыққан кезде қандай да бiр өтемақы берiлетiндiгiн естiдiм. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгiме мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджет есебiнен берiлетiн бiржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейiн ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -

айырма төлемi жүзеге асырылмайды және уәкiлеттi орган айырма төлемiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда — Мемлекеттiккорпорация бiр жұмыс күнi iшiндеайырма төлемi сомасын есептейдi.

Айырма төлемiн алуға зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар да құқылы.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын есептеу және төлеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдерi жөнiндегi мемлекеттiк орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бiр жолғы төлемдi алу үшiн осы ұйымға жүгiнiп, тиiстi өтiнiштi толтыру қажет.

2.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдерi БЖЗҚ-дан ай сайын төленедi. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлiкке 2017 жылы 23 шiлдеде шықтым және бiр жылдық төлемдi алдым. Ендi зейнетақыны биыл қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгiзiлген бұл өзгерiстер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген. Бұл өзгерiстер зейнетақы төлемдерiн 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесiлi.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн тiркеген зейнеткерлер үшiн төлем кестесi өзгерiссiз қалады. Олар үшiн зейнетақы төлемдерiн алу кезеңдiлiгi (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданыста болған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу әдiстемесi сақталады.

Бiрақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесiне ауыса аласыз.

Зейнетақы төлемдерiн ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келедi.

Зейнетақы төлемдерi бiр жолғы төлем ретiнде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердiң күнделiктi тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған.

Төлем кестесiн өзгерту үшiн Сiз БЖЗҚ-ның жергiлiктi кеңсесiне жүгiне аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

3.Енгiзiлген өзгерiстердiң ерiктi зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерiктi жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн ай сайын жүзеге асыру тәртiбiне қатысты заңнамалық өзгерiстер МЗЖ және МКЗЖ есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесiлi.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакетi ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай, қажеттi құжаттардың маңызды тiзбесi, оларды рәсiмдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтiнiштер бланкасы, төлем валютасының түрiне қарай оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.

4.Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемi, жай-күйi туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады.

Нақты айтар болсақ салымшы:

- зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);

- пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жолданады);

 — электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет) жолданады);

- және логин мен құпия сөздi(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Жеке кабинет» бөлiмi, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.

Салымшы осы тәсiлдердiң iшiнен өзiне ыңғайлысын таңдайды. Бiрақ, олардың iшiнде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңiнен танымал болып жатыр.Өйткенi ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Егер бұған дейiн зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсiлдi, оның iшiнде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне бiр рет барып өтiнiш берсеңiз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желiсiне жалғанған болуы тиiс.

Үзiндi-көшiрменiкез келген кезең бойынша (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдауғаболады.

Бүгiнде логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) енгiзуге рұқсат етiлген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан берiледi.

Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткiштерi және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегiн жүктеуге болады.

Мақаланы құрған күні 04.04.2018 12:21
Мақаланы жаңартқан күні 04.04.2018 12:21
Қаралым саны: 625
PAGE_COMMENT