A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
EXPO-2017

Көрменi көңiлдегiдей өткiзу — iскерлiгiмiзге сын

Ең алдымен, осы көрменi өткiзу құқығын жеңiп алуымызбен осы жерде отырған барлығыңызды және барлық қазақстандықтарды тағы да бiр рет құттықтаймын, деп бастады Президент өзiнiң сөзiн. Бұл — әлемнiң бiздiң елiмiздiң Тәуелсiздiк жылдарындағы табыстары мен қол жеткiзген биiктерiн мойындағандығының белгiсi. Сондықтан ол — жалпы елiмiздiң жарқын табысы. Әрине, жетiстiк бiзге оңай келген жоқ, оны жеңiп алу жолында көптеген адам жұмыс iстедi. Үкiмет жанынан арнайы комиссия құрылды, Астана қаласы әкiмдiгi де көптеген кәсiпорын-мекемелермен, шетелдiк арнайы органдармен қыруар жұмыс iстедi, тек соның арқасында ғана жеңiске жете алдық. Нәтижелi табысқа қол жеткiзген жұмыстары үшiн осы iске қатысқан барлық мамандар мен қызметкерлерге өзiмнiң алғысымды бiлдiремiн. Бұл — жалғыз Астананың емес, жалпы Қазақстанның жеңiсi, дедi Президент.

Одан әрi Елбасы ЕХРО-ның маңызына тоқталды. Соның iшiнде оның әлемдегi ең үлкен шаралардың бiрi болып саналатынын айтты. Өзiнiң ауқымы жөнiнен ол Дүниежүзiлiк экономикалық форум, ал туристердi тарту жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан әлем чемпионатымен бара-бар шара болып табылады. Оның үстiне бұл — Қазақстан экономикасының болашақ дамуына үлкен септiгiн тигiзетiн, дүниежүзiлiк тәжiрибелердi Қазақстанға алып келетiн, елiмiзге инвестицияны еселеп тартуға ықпал ететiн шара. Осы ЕХРО арқылы бiз елiмiзге жаңа инновациялық техно-логияларды да тарта алатын боламыз, дедi Елбасы.

Әрине, ЕХРО өткiзу құқын жеңiп алу табыстың тек бiрiншi кезеңi ғана. Ендi алда көрменi тiркеу кезеңi тұр. Келесi жылдың аяғына дейiн бiз тiркеу досьесiн бекiтiп, көрменi есепке қабылдайтын халықаралық көрме бюросынан ресми белгi мен жалауын алуымыз керек. Бұл да өте жауапты кезең, дедi Нұрсұлтан Әбiшұлы. — Сондықтан, қазiрден бастап, уақытты шығын қылмай, осы iске қызу кiрiсiп кеткенiмiз мақұл. Осылай дей келiп, Президент бұл жұмысты атқаратын арнайы Мемлекеттiк комиссия құрылғанын айтты. Оның төрағасы болып Премьер-Министр Серiк Ахметов бекiтiлiптi және оның екi орынбасары да тағайындалған екен.

Осы комиссия елiмiз үшiн өте маңызды болып табылатын шараны өткiзудi дайындау бойынша жасалатын барлық органдардың жұмысын үйлестiретiн болады. Ал басшылыққа алатындары «Көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ұзақ мерзiмдiк ұлттық жоспар» деп аталатын құжат. Ендi соны жасауға шұғыл кiрiсетiн болады. Мемлекеттiк комиссия көптеген құқықтық процедуралар мен қаржылық құжаттарды талқы-лап, қабылдаулары керек. Қазiргi ұйымдастыру комитетi өз жұмысын ендiгi жерде Мемлекеттiк комиссияның бақылауымен жүргiзетiн болады. Осы жерде Мемлекет басшысы Ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы Қайрат Келiмбетовке оның құрамын қажеттi жаңа мамандармен және ҮЕҰ толықтыру қажеттiгiн атап өттi. Сонымен бiрге, Президент дайындық жұмыстарын өзi қадағалап, Мемлекеттiк комиссияның жұмысы туралы есептi үнемi тыңдап отыратынын жеткiздi.

Елбасы дайындық жұмыстарының қазiргi кезеңдегi басты бағыты — Халықаралық көрме бюросымен келiсе отырып, тiркелу досьесiн барынша сапалы етiп дайындау екендiгiн ескерттi. Халықаралық тәжiрибелердi пайдалана отырып, ЕХРО болатын аумақта жасалатын нысандардың эскиздiк жобасын жасау керек. Сонымен бiрге, олардың көрмеден кейiн қандай мақсатқа пайдаланылатындығы алдын ала анықталсын. Кейбiр қалалар, мәселен, Лиссабон өзiнде өткiзген ЕХРО-ға арнап салынған нысандарын артынан ештеңеге жарата алмай, Халықаралық бюродан төменгi баға алды. Мұндай келеңсiз мысалдар басқа елдерде де болды. Осыны бiз қатты ескеруiмiз керек, дедi Мемлекет басшысы.

Сонымен бiрге, Париждегi Халықаралық көрме бюросында қазақстандық офистiң, ал бiзде осы бюроның ЕХРО өткiзу жөнiндегi кеңесшiсiнiң кеңсесiн ашу мәселесiн шешудi қарастыру қажеттiгi айтылды. Президент сөзiнiң iшiндегi басты жаңалықтың бiрi — ЕХРО-2017-нi өткiзуге байланыс-ты барлық мемлекеттiк органдардың, жеке меншiк құрылымдардың, демеушiлердiң, облыстардың, министрлiктер мен ведомостволардың жұмыстарын үйлестiретiн арнайы мемлекеттiк корпорация құрылатындығы болды. Үкiмет ауысуы, өзгеруi мүмкiн, ал корпорация — осы жұмысты басынан аяғына дейiн қолға алып, атқарып шығатын орган. Оның құрамына барлық ведомостволардың бiрiншi басшылары мүше болып енедi. Қазiр бiз осы органның басшысын тауып, қаржыландырылуы мен құрамын белгiлеу мәселесiмен айналысатын боламыз, дедi Елбасы. Бұл корпорация тiркелу досьесi есепке алынған күннен бастап өзiнiң жұмысына толыққанды кiрiседi.

Көрменiң тақырыбы бойынша елiмiзде көптеген бастамалар ұсынылған екен. Соның iшiнде суды, электр қуатын үнемдеу, ауыл шаруашылығы қалдықтарынан биогаз дайындау және т.б. бар. Президент олардың бәрiн ЕХРО-2017-нi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi ұлттық жоспарға үйлестiрiп, бiрыңғай жобамен шығу керектiгiн айтты. Алдымыздағы бес жылда бүкiл Қазақстан мен Үкiмет бiрлесе жұмылдырылып, таза энергетикалық қуат алу бойынша инновациялық секiрiс жасайтын болсын. Сондықтан да, мен осы бағыттағы кешендi әрекеттердi үйлестiретiн 2013-2017 жылдарға арналған жоспар дайындауды тапсырамын, дедi Нұрсұлтан Әбiшұлы.

Екiншi басты мiндеттер Астана қаласын дамытуға жаңа көзқарас қалыптастыруға арналды. Бұл арада қала әкiмдiгiне де ұшы-қиырсыз жауапкершiлiк жүктелетiндiгi айтылды. Елбасы көрменi өткiзуге ұсыныс жасалғанда инфрақұрылымдық нысандарды, темiр жол вокзалын, әуежай және тұрғын үйлердi жақсартамыз деп айтқан едiк, сол жұмыстарға осы күннен кiрiсу керек, дедi. Осы орайда 5 млн.-ға жуық қонақтар-ды қабылдауға үйлестiрiп, қаланың даму жоспарын қайта қарау қажеттiгi атап көрсетiлдi. Қазiрдiң өзiнде қандай қуаттылықтағы үйлер салынып, оларға қажеттi инфрақұрылымдар, коммуникациялар, т.б. сәйкестiгi анықталсын. Бұл арада ЕХРО-2017 өткiзiлетiн аумақтың соңынан шағын қалашыққа айналатындығы да ескерiлуi керек, дедi Президент.

Елбасы көрме өткiзiлетiн аумақтан түрлi себептi сылтау етiп жер үлестерiн алуға тырысатын пысықайлар табылатынын ескерттi. Олардың мақсаты — кейiн осы үлестердi Үкiметке бiрнеше есе бағаға сату. Сондықтан, Елбасы Премьер-Министрге Астананың айналасынан, тiптi жалпы облыстан ешкiмге де ешқандай жер үлесi сатылмасын деген нақты тапсырма бердi.

Сонымен бiрге, Елбасы ЕХРО-2017-нiң артынан әлемдiк архитектуралық жәдiгерлер қатарына енетiн символын жасауға сәулетшiлер мен суретшiлер арасында конкурс жариялау қажеттiгiн айтты. Бұл арада бiзге Париждегi көрменiң символы ретiнде салынған «Эйфель мұнарасы» үлгi болып, артынан ол жалпы қаламыздың мақтан тұтарлық нышаны қатарына енетiндей болсын, дедi Мемлекет басшысы.

Өзiнiң сөзiнде Президент Астанадағы қалтафон байланысының жұмысын қатты сынап өттi. Осыған байланысты Көлiк және коммуникация министрi А.Жұмағалиевке арнайы тапсырма берiп, олқылықтарды болдырмауды тапсырды.

Астананың өзi де көрменiң тақырыбына сәйкес келетiндей болып күрделi өзгерiске түсуi керек. Бұл iспен әкiмдiк айналысып, маған ұсыныс жасасын, дедi Президент.

Одан кейiн Елбасы қаражат мәселесiне тоқталып, бюджеттен бөлiнген қаражаттың тиiмдi жұмсалуы қатты қадағалануын тапсырды. Ең алдымен, жуық шамамен, қанша қаражат қажеттiгi есептелiп, оның әр жылдың бюджетiне түсетiн үлесi анықталсын. Тартылатын жекеменшiк инвести-цияның көлемi де белгiленсiн. Жалпы, көрменi өткiзуге барлық қаражат көздерi тартылсын. Бүкiл көздерден жұмсалған қаражат көлемi барынша мөлдiр болуы керек. Сонымен бiрге, ЕХРО-2017 қорын қолдауды жалғастыру қажеттiгi айтылды. Салынатын нысандардың бәрi де артынан халыққа пәтер ретiнде сатылатындай болып жоспарлануы керек. Сонда жұмсалған қаражатты орнына келтiруге болатындығы ескертiлдi.

ЕХРО көрмесiнiң экономиканың түрлi саласын дамытуға тигiзетiн игi ықпалын барынша тиiмдi пайдалану қажеттiгi де атап өтiлдi. Осы орайда, ең бiрiншi кезекте, көрменiң туризм саласына тигiзетiн пайдасы атап көрсетiлiп, үш айда келетiн 5 млн.-дай қонақ үшiн жалпы Қазақстан бойынша туристiк маршруттар дайындау қажет. Олардың көлiк жолдары жоғары деңгейде, жергiлiктi авиацияның дамуы да қалыпты болуын қамтамасыз етуiмiз керек, дедi Президент. Сонымен бiрге, тiл бiлетiн, елдiң тарихын айта алатын мамандар дайындалып, оларды идеологиялық тұрғыдан ұстамды болуға дайындау қажеттiгi ескертiлдi. Баратын жерлерде қонақтар түсетiн үйлер болып, олардың инфрақұрылымдары жоғары деңгейде болсын. Бұл қатарда Малайзия, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi секiлдi елдердiң тәжiрибесiн үйренген жөн. Мiне, осы тапсырмалар Мемлекеттiк комиссияда бөлек-бөлек қарастырылып, әрқайсысына тиiсiнше жауапты адамдар белгiленсiн, дедi Н.Назарбаев.

Сонымен бiрге, Астанада жаңадан бiрнеше қонақүй салынатындығы, қаланың маңындағы 30-50 шақырым радиуста «олимпиялық ауылдар» үлгiсiмен «ЕХРО-ауылдар» бой көтеретiнi белгiлi болды. Бұлардың бәрi, сайып келгенде, бiздiң халқымызға жаңа жұмыс орындары ретiнде пайда-сын келтiрмекшi.

Орта және шағын бизнестiң дамуын да ЕХРО-мен байланыстыру тапсырылған мiндеттердiң бiрi болды. Олардың көрмеге қаншалықты дәрежеде, қандай ұсыныстармен қатыса алатындығын анықтау Мемлекеттiк комиссияға тапсырылды. Қала қонақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жалпы тәртiп бұзушылықты болдырмау үшiн қажеттi құрал-жабдықтар, бейнекамералар және басқа да қажеттiлiктермен қамтамасыз етiлуi керек. Туристердiң жоғалған, ұмытылып кеткен заттары осылардың көмегiмен дер кезiнде табылып отырса, бұл да елiмiз туралы жақсы пiкiр қалыптастырады.

Кеңесте көрменiң елiмiзге әкелетiн экономикалық тиiмдiлiгi туралы да айтылды. Осыған байланысты барлық тура және жанама табыс көздерiн қарастыру туралы Мемлекеттiк комиссияға жүктелдi. Сондай-ақ, Президент ЕХРО-ның ақпараттық жағынан қамтамасыз етiлуi туралы да нақты тапсырмалар берiлуi керектiгiн атап өттi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.02.2017 15:15
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru