A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы «30» маусым

Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 30 маусымда, жұма күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Әрбiр салымшы үшiн қолжетiмдi БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есiк күнi болып өттi.

Бүгiнгi таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсiлiн таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкiндiгiне ие.

Ақмола облысында 157,6 мың салымшы онлайн тәртiбiнде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткенi бұл зейнетақы жинақтарын: жарналардың түсуi мен инвестициялық табыстың есептелуiн күнделiктi бақылауға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмi және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистердi жүзеге асырды:

- мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру;

- зейнеткерлiк жасқа толуға немесе 1-шi немесе 2-шi топтардағы мүгедектердiң мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру. Алғашқы өтiнiштер жолданды, онлайн рәсiмдеу бiрнеше минутты ғана алады;

- төлемдердi тағайындау және (немесе) аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағы кiлтiн алу жеткiлiктi. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру үшiн ЭЦҚ-дан басқа екiншi дәрежелi банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (теңге) ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәлiметтi және екiншi дәрежелi банктiң деректемелерiн көрсету қажет.

Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдердi тағайындау/аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалуы туралы СМС-хабарлама жiберу арқылы құлағдар етедi.

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесi туралы мәлiметтердi Жеке кабинеттен бiлуге болады. Ол үшiн салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тiркеледi. Кейiн ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендiру нөмiрi) мен құпия сөздiң (пароль) көмегiмен Жеке кабинетке кiре алады.

Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольдi тiркеуге болады. Бұл үшiн жеке басты куәландыратын куәлiкпен БЖЗҚ кеңсесiне жүгiну қажет.

Ал бұған дейiн жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келiсiмдi рәсiмдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған адамдар үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ.

Естерiңiзге сала кетелiк, БЖЗҚ зейнетақы шоты туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Дәлiрек салымшы зейнетақы шоты туралы ақпаратты:

- бүкiл республика бойынша 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiне барып, БЖЗҚ маманынан;

– зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште не болмаса қосымша келiсiмде көрсетiлген пошталық мекенжайына;

 — зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште не болмаса қосымша келiсiмде көрсетiлген электрондық мекенжайына;

- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логинi мен құпия сөзiн (пароль) (логин ретiнде салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) көрсетiледi) қолдана отырып www.enpf.kz сайтының «ИНТЕРНЕТ ҮЗIНДI-КӨШIРМЕ АЛУ» бөлiмi арқылы ала алады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсiлiн таңдап, www.enpf.kz сайтында тiркелген соң ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Бұл үйден немесе кеңседен шықпай-ақ (24/7) жеке зейнетақы шотын тексерiп отыруға мүмкiндiк бередi;

- электрондық үкiмет порталы арқылы алуға болады. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтарға» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» айдары — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiнде қолжетiмдi. Оны пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба алып, электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет.

Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегiмен бiрнеше минут iшiнде www.enpf.kz сайтына тiркелiп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткiздi.

Келушiлердiң көпшiлiгiн БЖЗҚ-ның электрондық консультанты қызықтырды. Қазiргi таңда Қор кеңселерiнде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскiлер орнатылған. Келушiлер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерiнiң болашақ зейнетақыларының мөлшерiн болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi электронды мекенжайға жiберуге болады. Қазiр республика бойынша Алматы, Астана, Атырау, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Шымкент және Петропавл қалаларында 10 ақпараттық киоск жұмыс iстейдi.

«Ақпарат алудың заманауи тәсiлдерi отандық зейнетақы жүйесiн әрбiр азаматқа жан-жақты әрi оңай түсiндiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жерде зейнетақы жүйесiн түсiну кәдiмгi жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы мәлiмет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерiнiң зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртiбiнде ақпарат ала отырып, өздерiнiң жұмыс берушiлерiн және инвестициялық табыстардың есептелуiн қадғалай алады әрi зейнетақының мөлшерi бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемi де артатындығына көз жеткiзедi. Бұл болашақ зейнеткердiң берекелi тiршiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», — дедi

Ақмола облыстық филиалының директоры Кеншинбаева А.Х.

Шара қонақтары жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты кез-келген сұрақты ендi «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибi Наурызбаеваға тiкелей қоюға болатындығын естiп бiлдi.

2017 жылдың сәуiр айынан берi 170-тен астам қазақстандықтар мен басқа да елдердiң азаматтары осы мүмкiндiктi пайдаланғанын айта кеткен жөн.

Бұдан басқа, Қордың сайты арқылы Қоғамдық қабылдауға жазыла отырып, нақты сұрақтар бойынша жекелей немесе топ құрамына ене отырып жауап алуға да болады.

Аталған шараға жергiлiктi өңiрдiң 169 тұрғыны қатысты. Ашық есiк күнiне осымен екiншi рет келген салымшылардың бiрi шараның өте қызықты өткендiгiн жеткiздi:

«Мен көптеген жаңа мәлiметтер алдым, — дедi қонақ, — БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тiлектерiн ескеретiндiгi қуантады».

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.07.2017 16:36
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru