«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Сандықтау ауданының экономика және
қаржы бөлiмi» ММ басшысының
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 53 бұйрығымен
бекiтiлдi

«Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: экономика және қаржы.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Сандықтау ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

3.Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн адамдардың iс-әрекет қағидалары:

3.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттақозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркiндiктерiн және заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңда белгiленген тәртiпте және мерзiмде қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету;

мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы ретiнде тұрғындардың сұранысына тұтастай бағыттала отырып, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде тұрақты түрде шаралар қолдану;

жеке басының мәселелерiн шешу барысында мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және басқа тұлғалардың қызметiне ықпал ету үшiн қызмет жағдайын пайдаланбау;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның әрбiр көрiнiстерiне төзбеушiлiк таныту;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.

3.2. Өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн қатаң түрде сақтау;

мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне кiретiн мәселелерге шешiм қабылдау барысында ешқандай материалдық пайда, қызметтер және өзiнiң мiндеттерiн атқаруға сәйкес өзге де артықшылықтарды қабылдамау;

оларға берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

3.3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау кезiнде:

нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын болса, оларды қоғамдық талқылаусыз әзiрлеуге және қабылдауға жол бермеу;

өзiне және үшiншi тұлғалар үшiн пайда алу мақсатында нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол бермеу.

3.4. Тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде:

мемлекеттiк органдардың қызмет ету тиiмдiлiгiне кедергi болатын немесе оны төмендететiн, мемлекет мүддесiне зиян келтiретiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;

заңмен қарастырылған тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық үшiн терiс қылықтарды немесе өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу, ол үшiн адал, әдiл, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтау, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк таныту;

қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтау, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалану;

өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалану;

қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз ету;

мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалану;

қарамағындағы қызметшiлердi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

мемлекеттiк қызметшiлердiң әдебiне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға қатысты заңнаманы құқықтық жалпы оқу шеңберiнде зерделеу.

4.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

Мемлекеттiк қызметшiлерге жол берiлмейдi:

егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуға, мүлiктiк және басқа да игiлiк алу мақсатында өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен аспайтын көлемдегi жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткiзу қосылмайды;

педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметпен айналысуға;

қоғамға жат мiнез-құлық көрсету, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына;

жеке басына мүлiктiк және мүлiктiк емес пайда алу үшiн өз лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi пайдалануға;

өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға.

Мақаланы құрған күні 24.11.2017 16:14
Мақаланы жаңартқан күні 24.11.2017 16:14
Қаралым саны: 795
PAGE_COMMENT