Сандықтау ауданы әкімі аппаратының, Сандықтау ауданының ауылдық округтері, Мәдениет ауылы әкімдері аппараттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Сандықтау ауданы әкiмiнiң
2017 жылғы10 қарашадағы
№ 93 өкiмiмен
бекiтiлдi

Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының,
Сандықтау ауданының ауылдық округтерi, Мәдениет ауылы әкiмдерi
аппараттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бекiтiлген әдiстемелiк нұсқаулықтарға сәйкес әзiрлендi және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесiн ұсынады.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Сандықтау ауданының ауылдық округтерi, Мәдениет ауылы әкiмдерi аппараттарымен бересе отырып «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: Ақмола облысы Сандықтау ауданының ауылдық округтерi, Мәдениет ауылы аппараттарымен бiрлесе отырып, «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

Қоғамдық қатынастар саласында жұмыс iстейтiн тұлғалардың мiнез-құлқы (iс-әрекетi) ережелерi:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда қаралған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру барысында:

— Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының басқа нормативтi-құқықтық актiлерiн басшылыққа алу;

— жеке және заңды тұлғаларға, әрiптестерiне адал, әдiл, сыпайы қарау, әдептiлiк таныту;

— мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының сал-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;

— жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк және сарсаңға салуды болдырмау;

— азаматтардың келiсiмiсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, жеке және отбасылық құпияларды жария етпеу;

— жеке басының мәселелерiн шешу кезiнде мемлекеттiк органдар, ұйымдар, мемлекеттiк қызметшiлер және басқа да тұлғалар қызметiне ықпал ету үшiн өз қызметтiк дәрежесiн пайдаланбау;

— мемлекеттiк қызметтер тұтынушысы ретiнде халық сұранысына бағдарлана отырып, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын арттыру шараларын тұрақты қолдану;

— шындыққа жанасымсыз мәлiметтердi таратпау.

2) өз құзыретi шегiнде басқарушылық және басқа шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде:

— құзыреттi шектеудi және құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

— лауазымдық өкiлеттiктi орындауға қатысты емес өкiмдердiң, бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын болдырмау;

— қоластындағылардан лауазымдық өкiлеттiгi шегiнен тыс шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпеу;

— туысқандық, жерлестiк және жеке берiлгендiк себептерi бойынша кадрларды iрiктеу және орналастыру жағдайларын жiбермеу;

— меритократия принциптерiн ұстану;

— қабылданатын шешiмдер үшiн дербес жауап беру.

3) нормативтi-құқықтық актiлер жобасын дайындау кезiнде:

— нормативтi-құқықтық актiнi қабылдауды осы актiнi қабылдау құзыретi Қазақстан Республикасы заңымен көзделген жағдайда ғана жүзеге асыру;

— нормативтi-құқықтық актiнi қабылдау азаматтардың заңмен белгiленген құқықтары мен бостандығына шек қоймауы, заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзбауы тиiс;

— нормативтi-құқықтық актiлерде сыбайлас жемқорлық факторлары мен олардың белгiлерi бар нормаларды қолданбау;

— азаматтар құқықтарын iске асыру жөнiндегi шешiм жобасы келiсiлетiн инстанциялар санын мүмкiндiгiнше азайту.

4) тiршiлiк әрекетi саласының өзгешiлiгiне байланысты туындайтын басқа өзара қарым-қатынас кезiнде:

— бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтiк өкiлеттiктерiнiң мiндеттерi мен көлемiн нақты және анық белгiлеу;

— бағыныстағы лауазымды тұлғалар арасында жұмыс мөлшерiнiң бiркелкi бөлiнбеуiн жiбермеу;

— лауазымдық мiндеттерi шегiнен шығатын немесе орындауға мүмкiн емес, сондай-ақ заңға қайшы келетiн тапсырмалар бермеу;

— басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызметтiк этика нормаларын бұзушылықты жiбермеу шараларын қолдану.

Басқа шектеулер мен тыйымдар:

— заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк не қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтар жасалуын болдырмау;

— қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өз кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген шектеулер мен тйымдарды ұстану;

— қызметтiк тәртiптi мүлтiксiз сақтау, өз қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиiмдi және нәтижелi қолдану;

— бiр мемлекеттiк органда тiкелей бағыныста туысқандармен жұмыс iстеудi болдырмау;

— мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет меншiгiн, автокөлiк құралдарын тиiмдi және тек қызмет мақсатында ғана пайдалану;

— мемлекеттiк қызметшiнiң сыртқы келбетi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiк аппарат беделiн нығайтуға септiгiн тигiзуi қажет, ресмилiк, ұстамдылық пен ұқыптылықты танытанын көпшiлiк мақұлдаған iскерлiк стильдi ұстану.

Мақаланы құрған күні 16.11.2017 11:52
Мақаланы жаңартқан күні 16.11.2017 11:52
Қаралым саны: 899