A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушiлердi 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-ден 17:00-ге дейiн Көкшетау қаласы, Горький көшесi 29 Б мекенжайында өтетiн Ашық есiк күнiне шақырады.

Шараға қатысушыларға Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi туралы толыққанды және маңызды ақпараттар берiледi. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегi сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:

-белгiленген кесте бойынша кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар?

-2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы қалай есептеледi?

-ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар?

-шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi қандай?

-қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;

-зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi мен мерзiмi;

-зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру барысындағы салық салу;

-зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдерiне қатысты өздерiн қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкiндiктерi бар.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 12:34
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru