+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-да Балкашино ауылы, Абылай хан көшесi, 126 «а» мекен-жайы бойынша өтетiн Ашық есiк күнiне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзектi ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесi сауалдар бойынша кеңес берiледi:

- зейнетақы жүйесiн жаңғырту себептерi;

- зейнетақы жүйесiне 01.01.2018 жылдан бастап енгiзiлген өзгерiстер;

- кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүргiзу тәртiбiне енгiзiлген өзгерiстер;

- 01.01.2018 жылдан бастап бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiлетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу;

- базалық зейнетақыға қатысты өзгерiстер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерi осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат бередi. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерiн толғандырған сауалдарға жауап алумен бiрге мамандардан да жеке кеңес ала алады.

Мақаланы құрған күні 15.03.2018 09:38
Мақаланы жаңартқан күні 15.03.2018 09:38
Қаралым саны: 1866