A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Бiз дәстүрлi «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрi жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметi, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлдерi жайында жиi қойылатын сұрақтар қамтылған.

1.enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тiркелуге болады?

Жеке кабинетте тiркелу үшiн, алдымен ақпарат алу тәсiлi ретiнде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сiз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлiмшесiне барып, ақпарат алу тәсiлiн өзгерту жөнiнде қосымша келiсiмге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады.«БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзiндi-көшiрме» бөлiмiнде тiркелген кезде ендi логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзiңiз, яғни паролiңiз ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиiс және сандардан әрi латын әрiптерiнен құралуы керек.

2.БЖЗҚ кеңсесiне келмей-ақ тұрғылықты мекенжай туралы деректемелердi өзгертуге бола ма?

Өкiнiшке қарай, әзiрге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесiне келмей жеке деректемелердi өзгерту мүмкiн емес. Зейнетақы жинақтарының құпиясы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен қорғалады. Сондықтан, бiз деректемелердi салымшының/алушының өзi өзгертiп жатқандығына көз жеткiзуiмiз қажет.

Қазiргi таңда БЖЗҚ-ның бүкiл республика бойынша 231 бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Бөлiмшелер жұмыс күндерi таңғы сағат 08:30-дан кешкi сағат 18:30-ға дейiн үзiлiссiз жұмыс iстесе, сенбi күндерi түске дейiн жұмыс iстейдi.

БЖЗҚ-ға келген соң сiз тек жеке деректемелерiңiздi өзгертiп қана қоймай, сонымен қатар зейнетақы шотыңыз жайлы ақпарат алудың өзiңiзге ең ыңғайлы тәсiлiн таңдай аласыз. Олар ақпаратты электронды пошта немесе enpf.kz сайтының жеке кабинетiндегi интернет-хабарландыру тәсiлдерi болуы мүмкiн.

Қазiргi таңда БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға көрсететiн қызметтер қатарын кеңейтуге күш салып жатыр. Көп ұзамай салымшылар мен алушыларға Қор сайтындағы жеке кабинетке кiрiп деректемелердi өзгерту мүмкiндiгi берiледi.

3.Егер мен зиянды өндiрiсте iстейтiн болсам, жұмыс берушiм мен үшiн қосымша жарна төлеуге мiндеттi ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызы көлемiнде белгiленедi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеудi жұмыс берушiлер өз қаражаты есебiнен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына жүзеге асырады.

Мұндай жұмыстардың тiзiмi ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-шi қаулысымен бектiлген.

Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндiрiстiк нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесiнде тiзiмнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушiлер бұл үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.

Жұмыс берушi жұмыскерлерiне айлық жалақы төлегенiмен, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын дер кезiнде аудармаған болса, оны мемлекеттiк кiрiстер органдары өндiрiп алады немесе жұмыс берушiлер 2,5 еселiк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi шамасында есептелген өсiмпұлмен қоса төлеуге мiндеттi. Бұл ретте мерзiмi өткiзiлген әр күнге белгiленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн өкiлеттi орган бекiтетiндiгiн айта кеткен жөн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуiн қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiстер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс берушi БЖЗҚ-ға өзiнiң жұмыскерлерi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерiстер енгiзiлген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға мiндеттi. Бұл ретте мына жәйттi ескере кеткен жөн, жұмыскердiң пайдасына аударылған мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебiнен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуi мүмкiн.

4.Жарналардың дер кезiнде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйiн қалай бiлуге болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемi, жай-күйi туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Нақты айтар болсақ:

- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);

- пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жеткiзiледi);

- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);

- логин мен құпия сөздi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiне кiрiп, (логин мен құпия сөздi қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтiнiш жасау арқылы ала алады.

Мiнеки, Сiз осы тәсiлдердiң iшiнен өзiңiзге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал бiз Сiзге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн интернет, яғни онлайн қызметтерi (www.enpf.kz, www.e-gov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес беремiз. Бұл Сiзге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйiн тез арада бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Бұл үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергiлiктi бөлiмшесiне барып өтiнiш бiлдiруiңiз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсiлiн таңдайсыз. Сөйтiп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейiн, логин мен құпия сөздi (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйiн осы ұялы қосымшадан көруiңiзге болады.

Бұл үшiн әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желiсiне жалғануы тиiс.

Айтпақшы, салымшы үзiндi көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдай алады.

5. Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшiн зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкесҚазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көшi-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, iшкi iстер органдары кету фактiсiн растайтын құжаттарды рәсiмдеген соң жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттiң азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам

Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешiм қабылдаса, белгiленген тәртiпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеуi керек.

Бұл рәсiм шетелге тұрақты тұруға кетiп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн алуға арналған құжаттардың тiзiмi enpf.kz сайтында мынасiлтеме бойынша жайғастырылған: http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php.

Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (өзi келiп өтiнiш жасағанда, үшiншi тұлға немесе пошта байланысы арқылы жiбергенде) барлық қажеттi құжаттар тiзiлiмi, оларды рәсiмдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтiнiш бланкалары және оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi, әр түрлi мемлекеттiк органдардың түсiндiрмелерiБiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған.Ондағы ақпараттар тұрақты негiзде жаңартылып отырады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 09:24
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru