Бес сұрақ қараша

1.Базалық зейнетақыны есептеу механизмi қашан және қалай өзгередi?

Бүгiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтiлдерiнiң көлемiне қарамастан 14 466 теңге мөлшерiнде төленедi (ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң жартысынан сәл жоғары). Ал 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап ол еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты төленетiн болады. Яғни, зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын (2018 жылы бұл — 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл — 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2.2018 жылдың қаңтар айынан бастап, ай сайынғы төлемдердi есептеу әдiстемесiнiң өзгеретiндiгiн естiдiм. Осыны түсiндiрiп берсеңiз екен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi Үкiмет Қаулысымен бекiтiлген, Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде айқындалады. Әдiстемебойыншазейнетақыжинақтарыныңсомасын, алушыныңтиiстiжасындағызейнетақыжинақтарыныңағымдағықұныныңкоэффициентiескерiледi. Зейнетақыжинақтарыныңағымдағықұныныңкоэффициентi — зейнетақыжинақтарыныңинвестициялықбасқарудаболғанмерзiмiнесепке ала отырып олардың болашақтағықұнынескеретiнкөрсеткiш. Зейнетақытөлемдерiналушыныңжасынақарайоныңзейнетақыжинақтарыныңсомасытиiстiкоэффициенткекөбейтiлiп 12-ге бөлiнедi. Оданшығатын сома зейнетақыҚорынанжүзегеасырылатын ай сайынғытөлемболыптабылады. Бiрақ, ай сайынғызейнетақытөлемдерiнiңмөлшерiтиiстiқаржыжылынабелгiленгенеңтөменкүнкөрiсдеңгейiнiң 54 пайызынантөменболмайды.

ЕгерҚорғажүгiнгенкүнiзейнетақыжинақтарыныңсомасыеңтөмензейнетақының 12 еселенгенмөлшерiненаспағанболса, олардытолығыменалуғамүмкiндiк бар екендiгiнтағы да ескесаламыз. 2018 жылыбұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгенiқұрайды. Егер зейнетақы жинақтары бұл сомаданартықболса, онда тек ай сайын төленедi.

3.Зейнетақыжинақтарыныңағымдағықұныкоэффициентiнiң шамасы қалай белгiленедi? Мысалдар келтiре отырып, түсiндiрiп берсеңiз екен.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттер кестесi ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген және жинақтаушы зейнетақыны есептеу үшiн 2003 жылдан берi қолданылып келедi. Коэффициенттер кестесi зейнеткерлер өмiрiнiң орташа күтiлген ұзақтығын ескере отырып, зейнетақы жинақтарын тиiстi жылдарға үлестiруге мүмкiндiк бередi.Ендi зейнетақы жинақтарының кесте бойынша қалай төленетiндiгiн мысал арқылы көрсетейiк. Зейнеткерлiк жасқа толған азаматтың зейнетақы жинақтарының сомасы 4 000 000 теңге болсын делiк. Бекiтiлген әдiстемеге сәйкес, 63 жаста зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi — 0,10467. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасын осы коэффициентке көбейтемiз — 418 680 теңге болады. Бұл соманыы 12-ге бөлемiз — 34 890 теңге шығады. Осы сома БЖЗҚ-дан алғашқы жылы ай сайын алынатын сома болып табылады. Бұдан кейiнгi жылдары төлемдер тиiстi жастағы коэффициенттер негiзiнде анықталады.

Бұл ретте 2018 жылы құрметтi демалысқа шығатын азаматтардың 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлдерi бар. Сәйкесiнше олар ортақ зейнетқы да алады. Одан басқа, базалық зейнетақы төленедi. Ол 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты есептелетiн болады.

Мысал: Зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн 20 жылдық еңбек өтiлi бар делiк. Бұл еңбек кiтапшасындағыжазбалармен расталады. 1998 жылдан кейiн 13 жылдық еңбек өтiлi бар делiк. Бұл мiндеттi зейнетақы жарналарының төленгенiмен және Мемлекеттiк корпорацияның Бiрыңғай есепке алу орталығымен расталады (бұрынғы зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық).

Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшiн жиынтық еңбек өтiлi 33 жылды құрайды (20 жылдық еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 13 жыл). Демек, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оның базалық зейнетақысының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызын құрайтын болады.

4.Коэффициенттiң шамасы зейнетақы жинақтарының инвестициялану жағдайына тәуелдi ме? Осыған байланысты арттырушы коэффициент пайда болуы мүмкiн бе?

Зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасатын жинақтарға күн сайын инвестициялық табыс есептеледi. Сәйкесiнше бұл ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiне оң әсер етедi.

Кезектi төлемнен кейiн жеке зейнетақы шотындағы қаржы тұрақты түрде инвестицияланады және оған күн сайын табыс есептеледi. Демек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы арта түседi деген сөз. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының көлемi зейнетақы жарналарының қомақты мөлшерде тұрақты аударылып отыруына да тәуелдi.

Сонымен қатар инфляция деңгейi ескерiле отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейi, ең төмен зейнетақы және басқа да есептiк көрсеткiштер жыл сайын қайта есептелiп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшерiне әсер етедi.

5.Зейнетақы жинақтарын зейнетақы Қорынан мерзiмiнен бұрын алуға бола ма?

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгiленген. Зейнетақы жинақтарын бiрiншiден — зейнеткерлiк жасқа толғанда, екiншiден — 1,2 топтардағы мүгедектiгi бар адамдардың мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленгенде, үшiншi — Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдаркету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiненкем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған жағдайда55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдерөздерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.Бұл ретте әйелдер үшiн зейнетақы аннуитетiн жасау мерзiмi 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айғаөсiп отырады. Яғни, зейнетақы аннуитетiн жасау2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда жүргiзiледi. Заңда зейнетақы жинақтарын басқалай жолмен алу жағы қарастырылмаған. Бұл өте өзектi мәселе.

Зейнетақы төлемдерi зейнеткердiң лайықты өмiр сүруiн қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы Қорына аударған сайын, болашақта алар зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi де арта түседi. Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса болашақта алатын зейнетақы төлемдерiнңң мөлшерi де мардымсыз болады.

Тағы да еске сала кетелiк, жыл сайын инфляция деңгейi ескерiле отырып, ең төмен күнкөрiс деңгейi, ең төмен зейнетақы және басқа да есептiк көрсеткiштер қайта есептелiп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшерiне әсер етедi.

Мақаланы құрған күні 21.12.2017 11:08
Мақаланы жаңартқан күні 21.12.2017 11:08
Қаралым саны: 670
PAGE_COMMENT