2 сұрақ

1. Зейнетақы төлемдерi қалай рәсiмдедi?

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлдi.

Осы күннен бастап зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға (үнсiз келiсiм бойынша) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгiзiлген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу жөнiндегi өтiнiштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:

–шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;

–I және II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда;

–жерлеуге және мұрагерлiкке байланысты бiржолғы төлемдi жүзеге асырған жағдайда;

–ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;

–сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, есептеу және стратегиялық мiндеттерi сол өзгерiссiз күйiнде қалады.

2. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепiлдiк берiлген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлетiндiгi туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсендi түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткенi осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Мұнда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша бiржолғы айырма төлемi есептеледi. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердiң шотындағы бүкiл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгiзiлген бүкiл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Бiржолғы айырма төлемiн зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемдi алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiр өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш бередi. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгiзiлген Композиттiк қызмет аясында мемлекеттiк зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiштi тек бiр жерге — осы Мемлекеттiк корпорацияға тапсырады. Айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Мемлекеттiк корпорация зейнеткердiң жинақтары туралы Қордан алынған мәлiметтердi оның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексередi. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегi жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттiк корпорация айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома бiржолғы төлем ретiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына 10 жұмыс күнi iшiнде аударылады.

Мақаланы құрған күні 06.06.2019 16:51
Мақаланы жаңартқан күні 06.06.2019 16:51
Қаралым саны: 129

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН