+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Ќияєа ќонєан аќын - Сәкен!

Өткен аптада аудандық өлкетау музейiнде халқымыздың аяулы перзентi, мемлекет және қоғам қайраткерi, ақын, сазгер, қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығына арналған ашық сабақ өткен болатын.

Тарихқа көз жүгiртсек, сонау қуғын-сүргiнге толы болған 1937 жылы тек ақпанның 25-i мен 29-ы аралығында ғана Қазақстанда 500-ге жуық адам атылған екен. Олардың арасында Сәкен Сейфуллин, Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров сынды қазақтың бiртуар азаматтары да бар. Ол заманда Кеңестiк жүйенiң қандықол жендеттерi негiзiнен қазақтың ел бастайтын, көзi ашық, көкiрегi ояу азаматтарына қырғидай тиген ғой. Яғни, елдiң зиялы қауымының көзiн жойсақ намысы тапталып, халқына беделдi, сөзi өтiмдi перзенттерiнен айырылған жұрт айтқанға жүрiп, айдауға көнедi деген қағида ұстанған.

Сабақ басында сөз алған өлкетану музейiнiң директоры Меңдiбай Сайлаубайұлы қатысушылар назарына ақтаңгер ақынның халық алдындағы еңбегi, Қазақстанның болашағы, кемел ел болуы жолындағы атқарған жұмыстары туралы ойын ортаға салып, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрi мен шығармашылығына арқау етiлген видеофильм көрсетiлдi. Сонымен қатар оқушыларды тарихи тұлғаларды бiлiп, өлеңдерiн оқып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге шақырды. Сабақ соңында аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Бақытжамал Мұшанқызы мен оқушылар бiрлесiп қазақ халқының үш арысының құрметiне музей алаңына ағаштар отырғызды.

Ел үшiн, халық үшiн жанын берiп, қазақтың жарқын болашағы үшiн ұраны көп болған қызылдарға ерiп, ақыры өзi сенiм артқан жүйенiң құрбаны болған халқымыздың аяулы перзенттерiн әрдайым еске алу тарихымызды зерделеп, болашақты бағдарлау үшiн өте қажет. Халқымыз қазақтың үш алыбы санайтын Сәкен Сейфуллин, Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров осындай тұлғалар.

24.10.2019
46