«Сандықтау ауданы аумағындағы су тасқыны жағдайының алдын алу туралы» тақырыбына мақала

Сандықтау ауданы аумағында 2019 жылы су тасқыны кезеңiнде төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында алдағы су тасқыны кезеңiне дайындық өткен жылдың жазғы-күзгi кезеңiнде басталды.

2018 жылдың жазғы-күзгi кезеңiнде елдi мекендердi инженерлiк қорғау жоспарына сәйкес:

- Сандықтау ауылында өткен жылы Заречная көшесi жағынан тұрғызылған (биiктiктi арттыру), ұзындығы 460 м (биiктiгi 0,3 метрден 0,5-0,6 метрге дейiн өстi) үйiндiсiн нығайту;

 

- Максимовка ауылының үйiндiсi бойынша Жабай өзенi арнасының жағалық сызығы жағынан (өткелден ағыс бойымен төмен қарай), ұзындығы 350 метр (биiктiгi 0,6 метр);

- Владимировка және Балкашино ауылдарында Жабай өзенi арнасының бойымен өсiмдiктердi шабу бойынша (төгiлу кезiнде мұз массивiнiң өтуiн қиындататын) жалпы ұзындығы 260 метр (Владимировка а. 140 м, Балкашино а. 120 м), сондай-ақ Жабай өзенi арнасының бойымен жағалау сызығы жағынан ұзындығы 490 метр (Владимировка а. 30 м, Балкашино а. 460 м.);

Сондай-ақ, Максимовка ауылында «Максимовка» ЖШС күшiмен «Есiл бассейндiк инспекциясымен» келiсiлгеннен кейiн ескi арнаны тереңдету және Жабай өзенiнiң арнасын теңестiру бойынша жер жұмыстары жүргiзiлдi. Ұзындығы 300 метр ескi арнаның учаскесiн тазалау кезiнде 400 мың тоннаға жуық тас жыныстар шығарылды. Iс-шараны өткiзуге 10 бiрлiк техника жұмылдырылды, атап айтқанда: 1 экскаватор, 2 фронтальды жүк тиегiш және 5-тен 7 бiрлiкке дейiн жүк техникасы.

«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерiнiң алдын алу және жою бойынша шаралар кешенi» Жол картасы бойынша, Сандықтау ауданының аумағында Жабай өзенiнiң арнасы бойынша түбiн тереңдету және жағалауды бекiту iс-шараларын жүргiзу үшiн «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi белгiлi жұмыстар жүргiздi, атап айтқанда, Жабай өзенiнiң бойында анықталған жалпы ұзындығы 27,1 км учаскелерге жоғарыда көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу қажет. Астана қаласының жобалық бюросымен — «Сыр Жоба» ЖШС-мен жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, одан әрi жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеумен шарт жасалды. «Сыр Жоба» ЖШС жұмысшыларымен бiрге олардың барлық ұзындығы бойынша тексерiлетiн учаскелер тексерiлдi. Сандықтау ауданының аумағында Жабай өзенiнiң арнасы бойынша су түбiн тереңдету және жағалауды бекiту iс-шараларын жүргiзу және жобалау-сметалық құжаттаманы жасау шығындарын бағалау бойынша жобалау-iздестiру жұмыстары аяқталды.

«Көктем 2019» республикалық-штабтық оқу-жаттығуды өткiзу кезеңiнде а.ж. 26-27 ақпан аралығында су ағатын арықтарды қардан тазалау, (700 метр тазартылды), елдi мекендерден қар шығару (3,2 мың м3 шығарылды), сондай-ақ көктемгi кезеңде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзуге аудандық шұғыл ден қою жасағының күштерi мен құралдарының дайындығын тексеру жұмыстары жүргiзiлдi.

  

Ағымдағы жылғы 28 ақпанда жергiлiктi атқарушы органдардың күшiмен Балкашино ауылы ауданындағы Жабай өзенi учаскесiнде бұталарды тазалау бойынша сенбiлiк өткiзiлдi.

Аудан аумағын 2019 жылғы көктемгi кезеңде тасқын суларды өткiзуге дайындау Сандықтау ауданы әкiмiнiң қаулысына және тасқын суларды авариясыз өткiзу және дайындау бойынша iс-шаралар жоспарына, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi аудандық комиссияның 2- отырысында берiлген тапсырмаларға сәйкес жүргiзiледi.

Аудандық бюджетте жанар-жағар май материалдарын, қаптарды, инерттi материалдарды дайындау, қар шығару және т. б. бойынша су тасқынына қарсы iс-шараларға, шұғыл шығындарға арналған резервте 8,2 млн.теңге, төтенше резервте 1 млн. теңге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 1,114 млн. теңге салынды.

Бүгiнгi күнi ауданда 5 тонна жанар-жағар май, 200 тонна инерттi материалдар, 1000 қап дайындалды. Облыстың елдi мекендерiнен 18 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қор құру және қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңiнде жарылыс жұмыстарын жүргiзу тәжiрибесiнен тасқын суларды авариясыз өткiзу мақсатында, Сандықтау ауданының елдi мекендерi мен көлiк коммуникациялары үшiн су басудың қауiптiлiк дәрежесiн ескере отырып, Жабай, Кутүңгiс, Сарқырама өзендерiнiң арнасы бойынша жалпы ауданы 4,5 мың м2 болатын жару жұмыстарының орындары анықталды.

Көктемгi кезеңдегi ТЖ жоюға жергiлiктi атқарушы органдардың 185 адам, 70 бiрлiк арнайы техника, 4 мотопомпа, 1 жүзу құралы дайындалды.

Су тасқынына дайындық шеңберiнде қарды уақтылы шығару, арықтар мен арналарды тазалау,ерiген суларды бұру, сондай-ақ су басу қаупi кезiндегi iс-қимылдар арқылы жеке аулаларды су басуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарына ерекше көңiл бөлiнедi. Осылайша, департаменттiң аудандық төтенше жағдайлар бөлiмi мен жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi 7 рейд өткiздi, олармен 7 елдi мекен қамтылды.

Рейдтiк iс-шаралар барысында тұрғындар арасында қарды уақытында шығару, арықтар мен арналарды тазалау, ерiген суды бұру жолымен жеке аулаларды (тұрғын үйлердi, аула құрылыстарын) су басуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде. 1200-тан астам ауланы аралау жүргiзiлдi, халыққа тұрғын үйлердiң аулалары немесе оларға iргелес жатқан аумақтар бойынша өтетiн аулаларды, арықтар мен арналарды тазалау бойынша 1940 ұсыныс берiлдi, 3 мыңнан астам адамды қамти отырып, 6 жиын өткiзiлдi. Бұқаралық ақпарат құралдарында су тасқыны кезеңiнде азаматтардың жүрiс-тұрыс қағидасы тақырыбында 5 мақала жарияланды, дауыс зорайтқыш байланыс бойынша 6 сөз сөйлеу өткiзiлдi. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өткiзiлген алдын алу iс-шаралары төтенше жағдайлардың туындау қаупiн азайтуға, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, 2019 жылғы көктемгi су тасқыны кезеңiнде өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiне бағытталған.

14.03.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 202

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН