A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Трансплантациядан кейінгі өмір: Қазақстан құрамасы алтын медальді жеңіп алды

Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий ПЯ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Махаббат БЕКБОСЫНОВА, XXI Дүниежүзiлiк трансплант-ойындарының алтын медаль иегерi Гүлмира СМАИЛОВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өтедi. Баспасөз конференция Испанияның Малага қаласында өткен Дүниежүзiлiк XXI спорттық трансплант-ойындарына арналып отыр.

Испанияда өткен Дүниежүзiлiк XXI спорттық трансплант-ойындарына донорлық органдары бар спортшылар қатысты.

26 маусым мен 2 шiлде аралығында өткен Дүниежүзiлiк XXI спорттық трансплант-ойындарына Қазақстан құрамасынан 6 спортшы қатысты. Олар — Жәнiбек Успанов, Гүлмира Смаилова, Асхат Каликешов, Ержан Мухамадиев, Жеткiншек Нұров, Апресхан Ховдахан.

Олар мына жарыс түрлерi бойынша сайысқа түстi: жүзу, үстел теннисi және боулинг.

Дүниежүзiлiк трансплант-ойындарында бiрiншi орынды боулингтен әйелдер арасында Гүлмира Смаилова жеңiп алды. Осылайша Қазақстан құрамасына ол алтын медальдi жеңiп әкелдi. Бұл жарысқа қатысушылар жарты жыл дайындалды.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қазақстан осындай жарыстарға алғаш рет қатысуда. Спортшылар трансплантациядан кейiнгi Спорттың ұлттық федерациясын құруға ниеттенуде. Бұл әлемге Қазақстан медицинасының ең жоғарғы деңгейi туралы мәлiмдеуге мүмкiндiк бередi, сондай –ақ трансплантацияның өмiрге қайта әкелетiндiгi, трансплантацияның мүмкiндiктерi туралы қазақстандықтарға ақпарат бередi. Федерацияны құру ғылыми зерттеулерге серпiн бередi, трансплантацияның танымалдылығына ықпал етедi.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Елжан Амантайұлы Бiртанов, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Басқарма төрағасы Юрий Владимирович Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынованың баспасөз-брифингке қатысуы жоспарлануда.

Мақаланың шыққан күні: 05.07.2017
Қаралым саны: 172
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru