Жақсылық жасауға асығайық!

Ата-ананың мейiрiмiнсiз қал-ған жазықсыз бүлдiршiндерге қандай қайырымдылық көмек көрсетсек те жарасады.

Қайырымдылық — халқымыздың ең iзгi қасиеттерiнiң бiрi. «Жана-шырлыққа — жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну — әрбiр адамның азаматтық парызы. Адам өмiрiндегi ең игi iстерiнiң бiрi — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Оларға бiр сәт болсын қуаныш сыйлау үшiн жанына сая таппай еңбек етiп жүрген жандар қаншама?!

Жаңа жыл мерекесi қарсаңында «Алға, Қазақстан» жобасының аясында Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева жетекшiлiк ететiн қамқоршылық кеңесiнiң «Дегдар» Гуманитарлық қоры» Корпоративтiк қорының өкiлдерi Сандықтау №3 балалар үйiнiң балдырғандарына қуаныш сыйлауға келген болатын.

Айтулы мереке Сандықтау балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне үлкен ғажайып ертегi болғандай. Жоба үйлестiрушiсi Сексенбаев Жанат Төлегенұлы қордан бөлiнген жалпы сомасы 1 342 000 теңгенi құрайтын бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, бағасы 3 414 100 теңге тұратын мектеп шеберханасына ағаш өңдейтiн жаңа құрал-жабдықтар сыйға тартты.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей, қайырымдылық, адамгершiлiктi биiк ұстап, кiсiлiктi ту етiп, көкiрегi қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртiп, жылы лебiзiн аямай, қолдан келген жәрдемiн ұсынып, достық пейiлдерiн танытуға келгендерi үшiн Сандықтау балалар үйiнiң ұжымы мен балдырғандары үлкен алғыстарын бiлдiредi.

03.01.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 129