A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шоттары және мүлігі бар тұлғалардың назарына»

2.Салық кодексiнiң 185 баптың 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi банктiк шоттарда ақшасы бар жеке тұлғаларда «Жеке табыс салығы бойынша декларацияны» тапсыру бойынша мiндеттемесi туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

Сондай-ақ, Салық кодексiнiң 185 баптың 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес меншiк құқығында:

шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер) мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкi;

эмитенттерi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген бағалы қағаздары;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi бар жеке тұлғалар тапсырады.

Демек, меншiк құқығында:

шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер) мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкi;

эмитенттерi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген бағалы қағаздары;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тiркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi бар жеке тұлғаларда «Жеке табыс салығы бойынша декларацияны» тапсыру бойынша мiндеттеме туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

 

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017
Қаралым саны: 47
@2018 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru