Ќылыштан ґткір, ќўрыштан берік Домбыра!

Аталмыш мерекенiң қарсаңында өткен аптада елдiгiмiздiң басты нышаны өнерiмiз бен мәдениетiмiздi ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткiзу жолында аянбай еңбек етiп, өз өнерiмен елдiң рухын көтерiп, адамзат баласына шексiз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып, елiмiздiң әлеуметтiк-рухани құндылықтарын дамытып жүрген Иран Тасқараұлы Тасқара ағамызбен Сандықтау елiнде кездесу кешi өттi.

Елiне елеулi, халқына қалаулы бола бiлген ақын, сазгер, әншi Иран Тасқара ағамызды сандықтаулықтар құшақ жайя қарсы алды. Кешке аймақ басшысы Асылбек Сайлаубекұлы, аудандық және жергiлiктi мекемелер басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ақын, әншi, сазгер Иран аға кездесу барысында өзiнiң өмiрi мен өнерi және шығармашылығы жайында сөз қозғады. Иран аға 1939 жылы Омбы облысы, Тюкалинск ауданы, Валуев ауылдық кеңесiнiң Қожа ауылында дүниеге келген. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi тау-кен инженерi мамандығын аяқтаған және осы салада көптеген жылдар бойы еңбектенген. Алайда жанына серiк болған қос шектi домбырасын ешқашанда тастамаған. Бала кезiнен домбыра тартып, ән салғанды ұнатқан.

Бүгiнде ақын, әншi, сазгер Иран Тасқараұлы «Сағыныш», «Көкше жолдары», «Тербеткен ән — жыр өмiрiм» өлеңдер мен әндер жинағының авторы. 100 астам қазақ ақындардың өлеңдерiне ән шығарған. «Көкше әуенi — 1», «Көкше әуенi — 2» CD дискiсiн шығарған. Ақан серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ көкшелiк сал-серiлердiң әндерiн кең ауқымда насихаттауда.

Елiм деген ер болмаса, ерiм деген ел қайдан болсын демекшi, қазақ өнерiнiң дамуына өзiндiк қайталанбас үлес қосқан Иран ағамызға, сал-серiлердiң өнерiн жалғастырушы ретiнде «Иран сал» деген атақ та берiлген.

26.06.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 160