A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Қазақстанда дін туралы заңнамаға түзетулер енгізілуде

ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнде вице-министр Берiк Арынның төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын талқылау жөнiндегi отырыс өттi.

Аталған отырысқа Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының басшылық құрамы, имамдар, «УАҚЫП» қайрымдылық қорының және Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкiлдерi мен дiнтанушы ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында отырыстың ашылуында сөз алған вице-министр Берiк Арын дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамада азаматтардың құқықтарына кепiлдiк беретiн және қорғайтын, екiншi жағынан дiндi экстремистiк және басқа да деструктивтi мақсатта қолдану мүмкiндiгiн төмендетуге бағытталған құқықтық нормаларды қалыптастыру қажеттiгiн баса айтты.

Ал, дiнтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек заң жобасына енгiзiлетiн жаңашылдықтарға тоқталды. Оның сөзiнше, заң жобасында шетелде дiни бiлiм алу, қоғамдық орындарда адамның-бет бейнесiн тұмшалайтын киiм түрлерiн киюдi шектеу, дiн қызметiне мемлекеттiк қызметкерлердiң қатысуы, дiн жоралғылары бойынша некенi қиғызуға қатысты жаңа нормалар қабылданатын болады.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында БАҚ-та жарнамаланатын және таратылатын деструктивтiк идеологиялық ағымдардың киiм түрлерiн киюге шектеу қою көзделген. Бұл өз кезегiнде кәмелеттiк жасына толмаған жасөспiрiмдердiң заңсыз дiни ағымдарға тартуға қатысты жауапкершiлiктi күшейтедi.

Отырыс барысында қатысушылар дiн мәселелерi бойынша заңнамалық актiлерге ензiлетiн түзетулердiң маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша Заң жобасы дiни экстремизм идеологияларының тарап кетуiнiң алдын-алу бойынша жалпы мемлекеттiк жүйенi қалыптасыру және мемлекеттiң зайырлы қағидаттарын күшейтуге негiз бола алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, аталған Заң жобасының толық нұсқасы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң ресми сайтында және «Электронды Үкiмет» порталында жарияланған.

Мақаланың шыққан күні: 21.08.2017
Қаралым саны: 57
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru