A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Астана қаласында «Мы из Сандыктау» халықтық комедиясының тұсаукесері өтті

Фильмнiң премьерасы Қабанбай батыр к-сi, 62- үй мекенжайында орналасқан MEGA Silk Way СОСО-дағы "Chaplin MEGA Silk Way" кинотеатрының 9- залында, сағат 20-да басталады.

Фильмдi түсiру жұмыстары ағымдағы жылғы ақпан айының 23-iнде басталып, Астана қаласында өттi. Картинада негiзгi рольдердi ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi Түймехан Атымтаева, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының актрисасы Майра Омар, Ақыш Омар, Гүлбаршын Қылышбай, Жанат Чайкина, сондай-ақ өнер жолын ендi бастаған жас актерлар Инабат Әбенова, Дастан Байбосынов, Жеңiс Әбдiғазиз, Сағындық Тоқпаев, Ерғұлан Жанпейiсовтер ойнайды.

Кинолентаның табысты шығуына қоюшы-режиссер Сергей Селищев пен қоюшы- суретшi Дархан Мамаров көп үлес қосты. Фильмнiң музыкалық әрлеуiн астаналық Z тобы жүзеге асырды. Комедияның сценарийiн жазған — Наргиз Ирсалиева. Фильм режиссерi  — Елена Шестакова. Бас продюсерi –Елена Гомер.

 — Бұл өте көңiлдi де тартымды халықтық комедия ақжарқын ашық мiнезiмен қала тұрғындарының жүректерiн жiбiтiп, жан дүниесiн баурап алған ауыл адамдары туралы, — дейдi фильмнiң бас продюсерi Елена Гомер. — Мен өзiм Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балқашино ауылында тұрғанмын, сондықтан бұл өңiр тұрғындарының мiнез- құлқын өте жақсы бiлемiн. Бұл өте әсем, бiрегей табиғатты, шипалы мекен, бұл жерде ақкөңiл, шынайы, бауырмал адамдар тұрады. Бiз жаңа фильм арқылы қазақстандықтарды осы бiр ну ормандар мен көгiлдiр көлдер, мөлдiр бұлақтар пен биiк шоқыларға толы тамаша өңiрмен кеңiрек таныстырғымыз келедi. Өйткенi бұл жерлерде қазiргi кезде кең танымалдыққа ие болған экотуризм саласын барынша дамытуға, жастар фестивальдерiн өткiзiп, олар арқылы Солтүстiк Қазақстанның көздiң жауын алатын көркем табиғатын жарнамалауға болады. Айтпақшы, бұл тұрғыдан бiзге Ақмола облысының, Сандықтау ауданының және Балқашино ауылдық округының әкiмдiктерi үлкен қолдау көрсеттi. Мысалы, аудан әкiмi Асылбек Сайлаубекұлы Исмағамбетов өзi басқаратын аудан аумағында туризм саласын дамытуға аса мүдделi және шығармашылық жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге әзiр.

Ал комедия сюжетiне келер болсақ, ол  — тасы өрге домалап тұрған аса табысты да дәулеттi астаналық бизнесменнiң жаңа баспана сатып алғанынан басталады. Бiр қарағанда, бұл әрине, ешкiмдi таңғалтыратын жай емес… Оның үстiне кәсiпкердiң сән-салтанаты келiскен, кербез де әсем зайыбы мен бой жетiп отырған, бiрақ әлi тұрмысқа шықпаған қызы отағасының әрбiр бастамасына қолдау көрсетiп отырады. Алайда бизнесменнiң зайырлы жары қоныс тойын соңғы кездерi сәнге айналған жаңа дәстүрге сай өткiзгiсi келедi. Ал отағасы, отбасылық мерекеге Сандықтауда тұратын туған-туыстарын шақырғанда, тойға аталған қалашық тұрғындары тайлы -тұяғы қалмастан түгел келедi деп күтпеген едi. Осындай астаналықтар мен ауыл тұрғындарының тұрмыс салттары тоғысқан тұста пайда болған қызық та күлдiргi жайттар көрермендердiң көңiлiнен шығып, күлкiге қарқ етедi деп сенемiз.

Мақаланың шыққан күні: 18.07.2017
Қаралым саны: 211
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru