Ақмола облысында мемлекеттік қызметші көп балалы отбасылардың балаларына тегін ағылшын тілін үйретеді

Ақерке Бекахметова ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң қызметкерi, «Болашақ» бағдарламасының түлегi болып табылады.

«Соңғы кездерi көптеген адамдар қолдауға мұқтаж адамдарға көмек қолын созуда. Бiреулер пәтер сатып алып берiп жатса, басқалары балаларға сыйлықтар таратуда. Сонымен қатар көпшiлiгi азық-түлiкпен немесе киiм-кешекпен көмектесуде. Әрбiреуi қолында барын берiп, көмектерiн аяп жатқан жоқ» — дейдi Ақерке Бекахметова.

Бұл жағдай балаларға ағылшын тiлiн үйретiп, болашақта олардың мол табысқа қол жеткiзуiне ықпал ету сияқты мейiрiмдi бастаманы iске асыруға итермеледi.

«Мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, қымбат тұратын тiл курстарынан өтуге жағдайы жоқ, бiрақ ең оқуға құмар балаларды ағылшын тiлiне үйрету бойынша әлеуметтiк жобаны жүзеге асырғым келедi» — дейдi Ақерке.

Әрине, жобаны жүзеге асыру барысында сабақ өткiзетiн орынды жалға алу мәселесi туындады. Бiрақ мәселенiң шешiмi бiрден табылды десе болады. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы сабақ өткiзуге арнайы орын бөлуге дайындығын бiлдiрдi.

Ақерке сияқты жас, талантты, бастамашыл мемлекеттiк қызметшiлердiң өз мысалында өз айналасындағы адамдарға әрбiр адамның өзгерiстердi өзiнен бастауы керектiгiн көрсететiндiгi қуантады. Бұндай тиiмдi бастамашыл жобалар қоғамның кең қолдауына ие болып, қоғамдық сананы жаңғыртуда маңызды рөл атқарады.

Сабақты Ақерке аптасына бiр рет демалыс күнi өткiзудi жоспарлауда. Бүгiнгi таңда, оның айтуынша, бар болғаны топқа балаларды жинап, тiл үйретудi бастау ғана қалды. Осыған орай ресми түрде өтiнiм қабылдау жарияланды. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, тiл үйренгiсi келетiн балалар erkebek3103@gmail.com электрондық поштасына өтiнiм бiлдiруi тиiс.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз хатшысы

 

11.03.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 278

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН