+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқорына кезектi есеп ұсыну мiндеттiлiгi туралы хабарлайды

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқорына кезектi есеп ұсыну мiндеттiлiгi туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмi 2020 жылғы 31 наурызда аяқталады. Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бiрлестiк, қоғамдық, корпоративтiк және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгi нысанындағы үкiметтiк емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне infonpo.gov.kz веб-порталында электрондық есептiлiк нысанын уақтылы толтыру ұсынылады. Есептi кезең iшiнде өз қызметiн тоқтата тұрған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысындағы үкiметтiк емес ұйымдар үкiметтiк емес ұйымдар дерекқорына өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсынбайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тiркелу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс және мемлекеттiк гранттар шеңберiнде әлеуметтiк бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтiк жобаларды iске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшiн сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады. ҮЕҰ қызметi туралы мәлiметтердi электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшiн Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегi бөлiмшесiнде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. Интернет арқылы тапсыруға мүмкiндiгi жоқ азаматтар үшiн мәлiметтердi пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискiлерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкiндiгi қалды. ҮЕҰ қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен бiрге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жiберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8, 14-кiреберiс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi. ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтердi уақтылы ұсынбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк қарастырылған.

13.02.2020
110