Мемлекеттік қызметшілер арасында «Ақмола – адалдық алаңы» аясында спартакиада өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен және Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бiрлесiп мемлекеттiк қызметшiлер арасында спартакиада өткiздi.

Iс-шара мемлекеттiк қызметкерлер арасында адал спортты насихаттау, салауатты өмiр салты қағидаларын енгiзу және спорт арқылы ұжымдарда парасатты қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ақмола-адал алаңы» аясында өткiзiлдi.

Жиналған қатысушыларды жобалық кеңсенiң басшысы Самира Тайтенова құттықтап, спорттық жарыстарға тек адалдық пен парасаттылық қағидаттарында қатысуға шақырды.

«Бiздiң облыс өзiнiң спорттық тарихын мақтан тұтады. Өңiрде атақты чемпиондар мен рекордсмендердiң, елеулi нәтижелерге қол жеткiзген және салмақты жеңiстерге жеткен тұтас ұрпағы тәрбиелендi. Бiз адал спортты таңдап, спартакиадаға қатысушыларын адал болуға шақырамыз. Бiздiң әрқайсымыз өз күш-жiгерiмiзбен ғана тиiмдi нәтижелерге қол жеткiзуiмiз керек. Сондықтан, бiрiншi кезекте сiздерге әдiл төрешiлiк тiлеймiн. Әрбiр адам адал ауыр еңбегi үшiн лайықты марапатқа ие болсын. Барлық қатысушыларға бақыт, өз күшiне сенiмдiлiк, шыдамдылық және сәттiлiк тiлеймiз!» — деп атап өттi Самира Тайтенова.

Айта кету керек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiмен бiрлесiп мемлекеттiк органдар ұжымдарында спортпен және дене шынықтырумен айналысуды белсендi түрде көтермелейдi. Спорт рухы ұжымды бiрiктiредi және қызмет көрсеткiштерiн айтарлықтай жақсартады.

Спартакиаданың бағдарламасында веложарыс, алыс және шағын қашықтыққа жүгiру, ұзындыққа секiру, пресс сияқты жарыс түрлерi ұсынылды. Сонымен қатар, футбол матчын өткiзу жоспарланған.

Спартакиада үш күнге созылады. Оған облыстық басқармалар мен департаменттердiң мемлекеттiк қызметкерлерiнен тұратын құрама командалар қатысады.

 

 

16.09.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 141

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН