АУДАНДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

2019 жылдың 16 қаңтар күнi Сандықтау ауданында тұңғыш рет ақсақалдар кеңесi құрылды. Аудандық «Тарихи-өлкетану мұражайында» өткен жиында тұсауы кесiлген ақсақалдар кеңесiн «Тiлдердi оқыту орталығының» директоры М.С.Қопобаев ашып жүргiзiп отырды.

Аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Е.Қадырова аудандағы өзектi деген мәселелерге тоқтала келiп, келешекте осы мәселелердiң оң шешiм табуына ақсақалдардың үлес қосатынына сенiмiн айтып, ауданымыздың дамуына зор еңбектерi мен адал үлес қосқандары үшiн зор алғысын бiлдiрдi. Аудан әкiмдiгi тарапынан, ақсақалдар тарапынан туындайтын кез-келген сұраққа жауап берiлетiнi, кеңес мүшелерi талап еткен жағдайда қажеттi құжаттармен таныстырып отыратыны айтылды.

Қазақ халқы «Қарты бар елдiң қазынасы бар» деп бекерден бекер айтпаған. Олар халықтың алтын қоры болып саналады. Сонымен қатар, Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасын ақсақалдармен бiрiге отырып iске асыруымыз тиiс.

Iс-шара барысында ақсақалдар кеңесiнiң төрағасы мен орынбасары сайланды. Бiр ауыздан кеңес төрағасы Наукенов Бекежан және орынбасары болып Тiлеубаев Талғат тағайындалды.

Кеңес соңында ақсақалдар бас қосқан бұл алғашқы кездесуде құрылып отырған ақсақалдар кеңесiнiң маңызы туралы айтылып, құрамы таныстырылды.

17.01.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 196

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН