A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Сауат ашумен қоштасу

Бiлiм, дағды, iскерлiктiң қалыптасуының бастамасы — бастауыш сынып. Жас бүлдiршiндердiң ой-қиялын нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетiн, көкiрек көзiн ашатын, болашақты тануға жетелейтiн жаңартылған бiлiм бағдарламасына байланысты шыққан жаңа оқулықтар биылғы бiрiншi сынып оқушыларының ажырамас достарындай болды.

Жаңа пәндер «Сауат ашу», «Жаратылыстану», «Көркем еңбек» оқушылардың бойына ғылымның сан түрiнен жан-жақты бiлiм ұялатты. Оқушылар сауат ашудан әрiп танып, оларды жазып, оқып, буын, сөз, сөйлем құрап, мәтiн оқып үйренiп, мазмұндау дағдыларын дамытса, жаратылыстанудан тiрi табиғат пен өлi табиғатты тану, табиғат физикасын, оның iшiнде жылу, электр, жарық түрлерi, дыбыс түрлерi, магниттiлiк, жер мен ғарыш сияқты деректердi танып бiлдi. Ал «Еңбекке баулу» пәнi мен «Бейнелеу өнерiнiң» бiрiктiрiлуiнiң негiзiнде пайда болған жаңа пән «Көркем еңбек» пәнiнен оқушылар түрлi құбылыстарды зерттеу, бақылау, оларды түрлi табиғи материалдардан жасау, бояу сияқты дағдыларын дамыта алды. Сонымен бiрге бiрiншi сыныптан бастап «Үштiлдiлiк саясатын» да жүзеге асыру мақсаты көзделдi. Оқушыларымыз мемлекеттiк тiлде ғана емес, орыс, ағылшын тiлдерiн өздерiнiң деңгейлерiнде меңгерiп шықты. Осылайша оқу жылының соңында сыныбымда «Сауат ашумен қоштасу» сыныптан тыс тәрбие сағатын ұйымдастырып өткiздiм. Аталған тәрбие сағатында балалар тек ән айтып, би билеп, тақпақ айтып, ойын ойнаумен ғана шектелген жоқ. Олар тәрбие сағатына келген қонақтар мен ата-аналарға барлық пәндер бойынша алған бiлiмдерiн көрсетiп, ортаға сала бiлдi. Атап өтсек: Математикадан «Түсiп қалған сандарды тап», «Екi таңбалы сандарға бiр таңбалы сандарды қос және азайт», дүниетанудан «Алғашқы адамдар қайда өмiр сүрген?», «Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасаған?», жаратылыстанудан «Жердiң жасанды моделiн не деп атайды?», «Жарықтың неше түрi бар?» тағы басқа пәндер бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар асқан қызығушылықпен жауап бере бiлдi. Тәрбие сағатымыздың соңында ата-аналарымыздың арасынан Баубеков Асхаттың әжесi бүлдiршiндерге ақ тiлек тiлеп, ризашылығын бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2017
Қаралым саны: 129
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru