НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентi — Елбасы Қорымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» РМК-мен бiрлесе оқушылар арасында көлiк саласы бойынша байқау жарияланғанын мәлiмдедi.

Байқау оқушылардың көлiк саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешiм қабылдауына бағытталған.

Байқау алғашқы рет жасөспiрiмдердiң арасында функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабiлетiн дамыту қажеттiлiгi аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында 2017 жылы өткiзiлдi.

Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары болып Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО бiрi болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университетi (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университетi табылады. Конкурстың әрiптестерi ретiнде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және "Samruk-Kazyna Trust" КҚ болып табылады.

Байқаудың қатысушылары ретiнде ағылшын тiлiн жетiк бiлетiн, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында олимпиада жеңiмпаздары бар, сондай-ақ өздiк жобалық жұмыс жасау тәжiрибесi бар, Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 16-дан 18-ге дейiн жас аралығындағы оқушылар қатысады. Командалар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерiмен құрылады.

Iрiктеу туры 2018 ж. шiлденiң 24-26 аралығында Астана қаласында өтедi, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан командалар 2018 ж. 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетiне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына аттандырылады.

10.07.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 41