+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Аудан әкiмiнiң Веселовка ауылдық округiне жұмыс сапары

Бүгiн аудан әкiмi Асқарбек Үйсiмбаев Веселое ауылына жұмыс сапарымен келiп, бiр қатар әлеуметтiк нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан басшысы "Жол картасы — 2020" бағдарламасы бойынша 98 млн. теңгеге күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқан ауылдық Мәдениет үйiн аралап көрдi. Сандықтау ауданының жұмыс пен қамту орталығы арқылы 8 адам жұмысқа орналасты. Қазiргi уақытта ғимараттың шатырын бөлшектеу, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде. Мәдениет үйiнде күрделi жөндеу 2000 жылы жүргiзiлдi. Аудан әкiмi ғимаратты қарап, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргiзiп, мерзiмiнде аяқтау қажеттiгiн атап өттi.

03.06.2020
209