Шетелге шығуға тыйым салуды және әкімшілік айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Telegram — @EgovKzBot мессенджерiнде 4 қызмет пен сервистiң iске қосылғанын хабарлайды.

Ендi боттың көмегiмен азаматтар:

•бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келiп түсуi мен қозғалысы туралыақпаратты;

•бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстi ескере отырып) жай-күйi туралы ақпаратты;

•шетелге шығу шектелген борышкерлер тiзiлiмi және атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкерлер тiзiлiмi бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере;

•тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлiмет ала алады.

Онлайн режимiнде ақпарат алу механизмi өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейдi.

Азаматтарға өз гаджетiнде Telegram мессенджерiнде қызметтер мен сервистердi пайдалану үшiн «Мобильдi азаматтар базасында» тiркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетiнде өз телефон нөмiрiн байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрi бот-та iске қосуды жүзеге асыру (iздеу жолына @EgovKzBot деп енгiзу). Алдын ала анықталған командаларды жiберу арқылы қажеттi қызметтер мен сервистi таңдау, қажеттi деректердi енгiзу және мобильдi нөмiрге жiберiлген бiр реттiк паролдi енгiзу арқылы қызметтер мен сервистi алуды растау.

Бүгiнгi күнi Telegram-бот арқылы қолжетiмдi қызметтер мен сервистер саны

24 автоматтандырылған мемлекеттiк қызметке жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн жоғарыда көрсетiлген қызметтер мен сервистердi алу мүмкiндiгi электрондық үкiмет порталында ұсынылған болатын eGov.kz ескерту.

08.02.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 94

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН