Қр ауыл шаруашылығы министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы

Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң халыққа есеп беру қорытындысына арналған баспасөз-конференциясы өттi.

Қазақстанның қол жеткiзген бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн қолдау және оның одан әрi кеңеюi үшiн агроөнеркәсiптiк кешендi мемлекеттiк реттеудiң тәсiлдерi қайта қаралып, iшкi нарықтың қорғалуына, сыртқы сауда нарығын кеңейтуге, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржыландырудың қолжетiмдiлiгiн арттыруға баса назар аударылды.

Бұл туралы бүгiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрi А.Евниев тұрғындармен есептiк кездесудiң қорытындысы туралы баспасөз маслихаты мәлiмдедi.

Шығарылған жалпы ауыл шаруашылығы өнiмдерi 3,9%-ға, өндiрiлген тамақ өнiмдерi 6,3%- ға артты. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспорты 3 айда 47%-ға, оның iшiнде өңделген өнiмдер экспорты 26%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемi 1,4%-ға өсiп, 88 млрд. теңгенi құрады. 2018 жылы егiстiк жерлер көлемiн 50,2%-ға (11,4 млн. га) қысқарту жоспарланып отыр.

Мал шаруашылығында өткен кезеңде мал мен құс саны орта есеппен 4,1%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, өндiрiлген ет көлемi 4,8%-ға (345,1 мың тоннадан 361,6 мың тоннаға дейiн), сүт 2,5%-ға (1942,9 мың тоннаға 1992,5 мың тоннаға), жұмыртқа 15,7%-ға (1896,1 млн. данадан 2194,4 млн. данаға дейiн) артты.

Қазiргi уақытта азық-түлiктiң негiзгi 30 түрiнiң 25-i бойынша қамтамасыз етiлуi 80%, ал кейбiр түрлерi бойынша 100% құрап отыр. Iшкi нарық осы өнiм түрлерiмен қамтамасыз етiлуде. Импортқа тәуелдi құс етi, алма, iрiмшiк және сүзбе, шұжық, қант, балық бұл тiзiмге кiрмейдi.

Елбасы халыққа Жолдауында агроөнеркәсiптiк кешен алдында еңбек өнiмдiлiгiн түбегейлi ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнiмi экспортының өсiмiн 5 жыл iшiнде кемiнде 2,5 есеге арттыру мiндетiн қойды. Бұл мiндеттi шешу саланы дамытуда мүлде жаңа көзқарасты талап етедi.

Осы тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанның экспорттық әлеуетi жоғары позициялары анықталды. Бұл, ең алдымен, ет өнiмдерi, сиыр және қой етi.

Сонымен қатар, сүт өнiмдерi, құс етi, жемiстер мен көкөнiстер бойынша импорттан арылуымыз керек.

Осы мәселелердi шешу саланы дамытуда жаңа әдiстердi талап етедi. Жоғарыда аталған мiндеттердi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агробизнес және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiн тарта отырып, 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына түзетулер енгiзу бойынша жұмыс жүргiздi.

Бағдарламаның түйiндi көрсеткiштерi мен iс-шаралары негiзiнде, жобалық басқару стандарттарына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешеннiң негiзгi бағыттары бойынша ұзақ мерзiмдi салалық бағдарламалар әзiрлендi, оларды iске асыру мерзiмi 10 және одан да көп жылды құрайды.

Бұл ет және сүттi мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, суармалы жерлердi дамыту бағдарламалары.

Сонымен қатар, Мемлекеттiк бағдарлама аясында саланы цифрландыруға, техникалық реттеуге, ауылдық аумақтарды дамыту және салық салу мәселелерi қарастырылатын болады.

Жалпы Мемлекеттiк бағдарламада 10 мiндеттi орындау көзделген. Бұл — азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қаржыландырудың қолжетiмдiлiгi, тиiмдi салық салу, жер және су ресурстарын тиiмдi пайдалану, нарықтарға қол жеткiзу және экспортты дамыту, аграрлы ғылым, техникалық жабдықтау мен өндiрiстi жандандыру, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен цифрландыру, ауылдық жерлердi дамыту.

Осылайша, мемлекеттiк бағдарлама агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытудың негiзгi шарттарын қамтамасыз етедi.

28.06.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 183